ДИКТОР: Жеке деректерін қорғау білмейтін халық интернет-алаяқтарға күн сайын алданады. Тек Ақмола облысында өткен бір жылда 1100-ден аса онлайн-алаяқтық дерегі тіркелді. Киберқылмыстық істердің тек 234-і ғана ашылды.
РКС: Алаяқтардың құрығына тек егде адамдар емес, жастар да көптеп түседі. Мәселен, 23 жастағы Тимофей жаңа жыл қарсаңында интернет-алаяқтарға алданып, екі банктен 4 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Оның үстіне депозиттегі 600 мың теңгесінен де айырылып қалады.
СНХ: ТИМОФЕЙ, ЖӘБІРЛЕНУШІ: 24 декабря я был на работе, звонили представились сотрудниками казахтелекома. Желтоқсанның 24-і күні жұмыста жүргенімде Қазақтелекомнан қоңырау түсті. Сізге хатты жеткізу үшін телефоныңызға келген смс-кодты айтып жіберсеңіз деді. Ойымда ештеңе жоқ, әдеттегі қоңырау деп, кодты айттым. Содан басталды. Цоннанбыз деп ЕГОВ параметрлерін өзгерткізді. Одан соң атыңызға несие рәсімдемес үшін олардан бұрын әрекет етіңіз деп, екі банктен несие алғызды. оны айтқан, шоттарына аудардым.
РКС: Бүгінде Тимофейдің ісі бойынша екі күдікті анықталып отыр. Қалған екеуі шетелде жүр, - дейді киберполиция қызметкерлері.
СНХ: РАЙЫМБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Ақша аударған адамдар анықталды. ҚР азаматы, екеуі шетел азаматтар, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер сіз интернет-алаяқтарға алданып қалсаңыз, ең алдымен 102 телефон нөміріне және полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет. Олар сіздің арызыңызды қабылдап, тергеуді бастайды.
РКС: Жалпы, алаяқтық әрекетін шетелде отырып жасайтындарға тұсау салу қиын. Сондықтан интернет-алаяқтық бойынша қылмыстық істі ашу деңгейі де төмен. Өңір бойынша 18 пайызды құрайды. Өткен жылы 124 адам алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жәбірленушілердің 109 миллион теңгесі қайтарылды.
БИБИНҰР КӨКІРОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ