ДИКТОР: Жыл сайын Крещение мерекесінде облыстың 18 мыңға жуық тұрғыны суға шомылу рәсіміне қатысады. Қаңтардың 18 мен 19 аралығында осы күнге орайластырылған іс-шаралар өтеді. Бұл діни рәсім болғанымен, мұздай суға түсудің қаупі жоғары. Сондықтан оны дұрыс, әрі қауіпсіз өткізу маңызды.

РКС: Құтқарушылардың айтуынша, кенеттен мұзды суға түсу адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Мұндайда барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау керек және денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болған жағдайда суға түспеген дұрыс. Сондай-ақ, төтенше жағдай департаменті қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде, яғни өзен көлдерде өз бетінше ұңғыма жасамауға кеңес береді.

СНХ: АСЛАН НҰРҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Ақмола облысы аумағында суға түсуге рұқсат етілген 56 орын белгіленді. Ресми орындарда тәулік бойы 200 адам, сондай-ақ Департаменттің жеке құрамының 400 бірлік техникасы кезекшілік ұйымдастырады. Суға түсу рәсімін құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін арнайы орындарда ғана жүргізу қажет. Алкоголь, есірткі заттарын пайдаланбау қажеттігі ескертіледі. Сырғанамайтын аяқ киім мен денені жылытатын киім болуы шарт.

РКС: Суға түсетін адамдар үшін киім ауыстыратын шатырлар орнатылады. Сондай-ақ ыстық шәй беріледі.

СНХ: ГЕННАДИЙ ОСИНЕНКО, «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әр адам өз денсаулығын бақылап отыру керек. Көптеген адам бұған аса назар аудармайды, бірақ бұл өте маңызды. 18 қаңтар кешкі сағат 9-да жарық беріліп, шомылу ұңғымаларында тәулік бойы, яғни, 19 қаңтар кешкі сағат 9-ға дейін суға түсуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, лэд-экран болады. Әкімдіктің көмегімен адамдар шомылғанға дейін немесе одан кейін шәй ішетін дәмхана жұмыс істейді. Адамдардың жылынуы және киім ауыстыруы үшін екі шатыр қойылып, автобус кезекшілік етеді.

РКС: Құтқарушылар облыс тұрғындарын суға түскенде жауапкершілікті және қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ