ДИКТОР: Жолдағы тәртіпті қадағалап, халықтың қауіпсіздігіне жауап беретін патрульдік полиция бір күнде сан түрлі жағдайды бастап кешіреді. Әсіресе, боранды күндері тәулік бойы жол үстінде кезекшілікте тұру оңай емес. Сондықтан да болар екінің бірі бұл мамандықты таңдай бермейді. Десе де, Мирас Тұрғанбаев еш қиыншылыққа қарамастан, бұл саланы таңдаған. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Мирас Тұрғанбаев 2003 жылы Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келді. Мектепті тәмамдаған соң техник-механик мамандығы бойынша колледжге оқуға түседі. Одан кейін, әскерге барып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарды. Өзінің бала кездегі арманын орындау үшін Қызылордадан Көкшетау қаласына арнайы келіп, ішкі істер органына жұмысқа орналасқан. Тұрғанбаевтар отбасынан шыққан алғашқы полицеймін,-дейді кейіпкер.

СНХ: МИРАС ТҰРҒАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бұл жұмыстың қызығы да, шыжығы да бар. Мен бұл жұмысты армандадым өзім бала кезімнен. Форма киіп, әдемі болып жүруді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап. Қиын сәттері, ол осындай аяз күндері далада тұрып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жүргізушілердің сақтығын, қауіпсіздік шараларын сақтағанын қадағалау. Ол үлкен жауапкершілік деп ойлаймын.

РКС: Жол-көлік оқиғасына тап болмас үшін, қарапайым ережені сақтаған жөн. Қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шығудың соңы қайғылы болуы мүмкін,-дейді Мирас.

СНХ: МИРАС ТҰРҒАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Ауа райы күрт өзгеріп жол жабылған кезде кейбір адамдар наразылығын білдіріп жатады. Жолды неге жабасындар? Олай болмайды ғой. Неге осылай адамның жолын кесесіндер деп. Негізі жол жабудың мақсаты бізде көптеген жағдайлар болды. Көктайғақ кезінде жол-көлік оқиғалары болып, ауыр хәлге әкеліп жатқан жағдайлар болды. Сол себепті сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етіп, алдын аламыз.

РКС: Мирас жас болса да қызметінде тиянақтылығымен ғана емес, жеке қасиеттерімен де әріптестерінің арасында беделді.

СНХ: БАХТИЯР ТЫНЫСБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ЛЕЙНЕНАНТЫ: Мен Мираспен 1 жыл шамасында жұмыс істеп келе жатырмын. Ол өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білді. Жұмысына жауапты, адамгершілігі мол маман.

РКС: Мирас Тұрғанбаев пен Бахтияр Тынысбек Астана-Петропавл және Көкшетау-Рузаевка бағытындағы тас жолдардағы қауіпсіздікке жауапты. Жыл басталғалы бұл аумақта әзірге заң бұзушылық тіркелген жоқ. Мұның бәрі күн мен түнге ұласқан уақытта халықтың тыныштығы үшін сапта жүрген сақшылардың нәтижелі жұмысының арқасында.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ