ДИКТОР: Бестөбе кентінде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Енді жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдарының көмегін алысқа бармай-ақ алады. Жоба «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып отыр.
РКС: Жаңа учаскелік пункт Бестөбе және Изобильное елдімекендерінің тұрғындарына қызмет көрсетеді. 6 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіледі.
СНХ: ДУМАН САБЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жаңа заманауи модульдік пункттің ашылуы азаматтарды қабылдау жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Енді білікті көмек кенттің қақ ортасында орналасқан жайлы әрі қолайлы кеңседе көрсетіледі. Нысан заманауи оргтехникамен және байланыс жүйелерімен толық жабдықталған. Ғимаратта үш кабинет бар. Оның екеуі учаскелік инспекторларға, біреуі ювеналдық полиция қызметкерлеріне арналған. Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау мақсатында кент аумағын қамтитын бейнебақылау камералары орнатылған, сондай-ақ уақытша ұстау камерасы бар. Жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы - жүйелі жұмыстың нәтижесі.
РКС: Полиция қызметкерлері өңірде инфрақұрылымды дамытуға қатысты жұмысты жалғастыра бермек. Сонымен бірге халық үшін полиция қызметтерінің қолжетімділігін арттыру да назардан тыс қалмайды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ