ДИКТОР: ХХV қысқы Олимпиада ойындарының ұлттық құрамасына Ақмола облысынан 6 спортшы енді. Олардың үшеуі шорт-тректен, тағы үшеуі қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан бақ сынайды. Спортшылар шорт-тректен Елордада, ал шаңғы жарысынан Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында жаттығып жүр.
РКС: Анна Мельник ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Щучинск қаласының тумасы, орталық спорт клубының әскери қызметкері. Ол шаңғы тебумен 12 жасынан бастап айналысады. 2025-ші жылғы шаңғы роллері бойынша Азия Кубогінің чемпионы.
СНХ: АННА МЕЛЬНИК, ХХV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫ: Мен жеке жаттықтырушымен дайындалып жатырмын. Әзірлік жоспар бойынша жүргізіледі. Бұған дейін шетелде даярлық жұмысын жүргіземіз дегенбіз, бірақ қаражатқа байланысты бұл мүмкін болмай тұр. Жалпы Италияда жаттығып, жарыс жолдарын сынап көріп, жылдамдықты сезініп, уақыт белдеуіне бейімделгіміз келген. Өз қаражатыма жиын ұйымдастыру жоспарыма да рұқсат берілмеді. Қазір Алматыда дайындық жүргізіледі. Мұнда да сапалы база мен қолайлы жағдай жасалған. Осындай маңызды жарыс алдында әртүрлі бағыттар мен кедергілерге бейімделу аса қажет.
РКС: ХХV қысқы олимпиада ойындарына баратындардың бірі - Ксения Шалыгина. Шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 17 жыл бойы айналысып келеді. Қостанай облысының тумасы, соңғы бірнеше жылдан бері Ақмола облысының құрамасында.
СНХ: КСЕНИЯ ШАЛЫГИНА, ХХV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫ: Олимпиадаға қатысуға деген әзірлігім жақсы. Олимпиадаға осымен екінші рет қатысамын. Қобалжу, қорқыныш сезімдері жоқ деп айтуға болады. Іріктеу жарыстары ойдағыдай өтті. Жаз бойы жоспарлы түрде дайындалып, тапсырылған міндеттерді орындап, іріктеу қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алдым. Дайындық күшейтілген тәртіпте өтуде. Жерлестерімізге айтарымыз, біз үшін жанкүйер болыңыздар! Үмітті ақтауға күш саламыз. Тек шаңғы жарысы ғана емес, басқа да спорт түрлеріне қолдау көрсетіңіздер. Биыл Қазақстан жанкүйерлерді олимпиадалық медальмен қуантады деп сенеміз.
РКС: Надежда Степашкина шаңғы спортымен 12 жылдан бері шұғылданады. Ол да бұған дейін Олимпиада ойындарына қатысқан. Тәжірбиенің аз болғандығынан күткен нәтижеге жете алмапты. Қазір дайындықты күшейттім,- дейді ол.
СНХ: НАДЕЖДА СТЕПАШКИНА, ХХV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫ: Жаттығу процесі айтарлықтай қарқынды: күніне шамамен алты сағат осындамыз. - таңертең үш сағат және түстен кейін 3 сағат. Қазіргі дайындық өте маңызды, демалыссыз жүріп жатыр. Ең басты нәтижелердің бірі өткен жылғы Азия ойындарында болды, онда біз күміс медаль жеңіп алдық. Қаңтардың 20-сына қарай Алматыдағы жиынға барамыз, одан кейін Олимпиада ойындарына аттанамыз. Бірнеше жарыс түрінен өнер көрсетемін. Конькимен 10 километр қашықтыққа жүгіруден де бақ сынаймын. Бұл менің арманым. Жанкүйерлерді қысқы спорт түрлерін қолдауға шақырамыз.
РКС: Естеріңізге сала кетейік XXV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 6-сы мен 22-сі аралығында Италияның Милан және Кортина-д"Ампеццо шаһарларында өтеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ