ДИКТОР: Қаңтардың 20-на дейін облыстың барлық аймағында қатты аяз сақталады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, сынап бағаны минус 37 градусқа дейін түсуі мүмкін. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жол қозғалысы кезінде және тұрғын үйлердегі пештерді пайдалану барысында туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында тиісті сақтық шараларын қолданып, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
РКС: Қолайсыз ауа райында жол-патрульдік полициясының қызметкерлері күшейтілген режимге көшкен. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етушілер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алуда. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес, полиция қызметкерінің талабына бағынбаған және жол ережесін бұзғадарға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.
СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қыс мезгілінде жылдамдықты асыруға, арақашықтықты сақтамау және де қауіпті маневрлер жасауға қатаң тыйым салынады. Көлік құралының техникалық жағдайы, қауіпсіздігін толық сақтау және сәйкес келтіру іс-шараларын сақтау қажет. Ұялы телефонға хабарлама келгеннен бастап тас жолдарға шығуға тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауда негізгі кепіл. Полиция тарапынан азаматтарға барша көмек көрсетіледі.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Жылу беру маусымы басталғалы бері облыс аумағында 183 өрт тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 1 адам улы газбен уланып, тағы екеуі түрлі дәрежеде жарақат алған. Пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудың салдарынан 78, электр қондырғыларын техникалық қолдану және монтаждау ережесін бұзғандардың кесірінен 71 өрт орын алған. Ал, қызыл жалынды абайсыз пайдалану 13 оқиғаға себеп болған.
ГРАФИКА:
Өрт саны – 183
Қаза тапқандар – 4
Газбен уланғандар – 1
Жарақат алғандар – 2
ӨРТТІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:
Пештерді орнату кезіндегі қауіпсіздік ережесін бұзу – 78
Электр жабдықтарын пайдалану ережсін бұзу – 71
Отты абайсыз қолдану – 13
СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Өрттердің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаменті 159 мыңнан астам тұрғын үй қамтылып, халықпен кездесулер өткізілді. Және 2300-ден астам түтін шығару мұржалары тазаланды. Онымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың осал тобының арасында 11 мыңнан астам көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатты. Оның ішінде ағымдағы жылдың кезінде 1800 датчик орнатылды. Және де өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 39 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
РКС: Өрт қауіпсіздігін сақтамаған 183 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 76-сына 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Алдағы уақытта ақпараттық материалдар жарияланып, 112 жедел-құтқару қызметі арқылы SMS-хабарламалар тұрақты түрде жіберіліп тұрады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ