ДИКТОР: Көкшетау қаласының тұрғындары Бауыржан мен Ұлдай Дүйсенбаевтар бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетін жас отбасылардың бірі. Екі жастан асқан Хадия мен Сафия өмірге келген-ақ қызықты сәттерді таспалап, оны әлеуметтік желіге жүктеуді әдеттенеді. Егіз болғандықтан шығар, балалардың әр қылығын көрермен жылы қабылдайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бауыржан мен Ұлдай Дүйсенбаевтар әлеуметтік желіде өте танымал отбасы, олардың видеолары миллиондап қаралым жинайды. Қызықты, сәтті шыққандарының бірі әкесінің қыздарына этикет үйретіп жатқаны. Аз ғана уақытта 1,5 млн қаралым жинаған.
СНХ: БАУЫРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ӘКЕСІ: Оны қарадық та неге көрмеске деп келіншегім қарсы болды басында. Біз батыстікіміз ғой, батыста қабылдамайды ғой, көрейік енді деп, түсірдік, әлеуметтік желіге жібердік, 1 сағаттың ішінде 600-700 мың қаралым жинап тастады. Ешқандай жаман пікір де болған жоқ. Содан желание ашылып кетті сосын тағы бірнешеуін түсірдік.
РКС: Ұлдай Оңғарбайқызының мамандығы дәрігер, бала күтіміне байланысты демалыста жүріп, әлеуметтік желі арқылы жас аналарға қажет түрлі кеңес бере бастайды. Балғындардың тамақтануы, дамуы тақырыбына аналар күн сайын түрлі сұрақтарын қояды. Танымдық тақырыптан бастаған ата-ана кейін егіздің қылықтарын таспалай бастайды.
СНХ: ҰЛДАЙ ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ, АНАСЫ: Декрет деген ол балаға берілетін уақыт. Соны тиімді пайдалануға тырысамыз. Балалардың ұсақ моторика, ірі моторикасын дамытуға көп көңіл бөлдік. Сол арқылы бала дамиды, балаларым шүкір 1 жарым жастан жақсы сөйлей бастады.
РКС: Бүлдіршіндердің зерек, ақылды болып өсуі үшін ата-ана балаға неғұрлым ерте жастан көп көңіл бөлуі керек. Кей ата-ана бүлдіршінге әр нәрсені көріп, ұстауына тиым салады. Ол қате, -дейді Ұлдай.
СНХ: ҰЛДАЙ ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ, АНАСЫ: Кішкентай кезінен барлығын ұстап, бүлдіріп көрсін бала. Бастапқыда үйімізге ремонт жасамадық, краскіні де шашып көрді. Тамақты да шашып көрді. Жегенде де өздеріне жегізуге тырыстық, бірақ оның пайдасы бар.
СНХ: БАУЫРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ӘКЕСІ: Абай атамыздың қара сөзінде айтады ғой, адам ата анадан туғанда ес болмайды, естіп көріп, татып көрсе сонда ғана жетіледі деп. Сол себепті біз өздері жасап көрсін деген ниетпен солай ғана үйренеді дейді ғой адам баласы. Жұмыстан келем мына жер шашылып жатады, күріш бар барлығы барлығын беріп қояды. Соның арқасында дамыды деп ойлаймын. Балабақшаға беріп жатырмыз, олармен қатарлас 90 процент балалар, қыздар сөйлемейді. Мұғалімдері де қуанып жатыр ғой. Мына қыздар жақсы болды, бізде адамдармен сөйлесетін болдық деп. Әйтпесе мына балалар сөйлемейді деп. Сол үшін ерте жастан айналысқан жөн деп ойлаймын.
РКС: Бауыржанның мамандығы инженер, бос уақытында қыздарының дамуына қажет ойыншық жиһаз, көлікті өз қолымен жасайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жалпы бала тәрбиесі тақырыбы әлеуметтік желіде үлкен сұранысқа ие, өзім де осы тақырыпты интернеттен жиі қарап, жан жақты зерттеймін,- дейді Бауыржан. Баланы ерте жастан еңбекқорлыққа үйрету аса маңызды екенін ол жақсы түсінеді.
СНХ: БАУЫРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ӘКЕСІ: Өзім әке тәрбиесін көрген жоқпын. Әкесіз өстім, сол үшін білемін оның қаншалықты маңызды екенін. Әкенің ыстық махабатын көрмегендіктен бар махабатымды оы балаларға арнайын деген ниеттен басталды ғой. Олар 2 жасқа келгенге дейін біз көп нәрсе үйреттік. Киім бүктеу, қазір мысалы өздері киініп шешінеді. Барлығын өздері істейді 4-5 жастағы балалар сияқты. Кез келген нәрсеге жұмсай аламыз, ыдысты да жуады.
СНХ: ҰЛДАЙ ОҢҒАРБАЙҚЫЗЫ, АНАСЫ: Кішкентай кезінен көп кітаптарды көрсеттік, қазірдің өзінде кітап көрсе айырылмай қарайды. Жақсы көреді, кез келген кітапты. Сол арқылы сөйлейді, уақытты пайдалы өткізу керек деп ойлаймын. Кейбір ата аналар уақыт жоқ жұмыстамыз дейді ғой. Бірақ әрбір балаға күніне 15-20 минут жеткілікті. Сол 15-20 минуттың өзінде жақсы өткізсе баланы дамытып, соның өзі жеткілікті деп ойлаймын.
РКС: Хадия мен Сафия үшін түсірілімге түсу қазір қалыпты жағдай. Ата-анасымен түрлі контент түсіріп, көрермендерін қуантып жүр.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ