ДИКТОР: Денсаулық сақтауды дамытудың тұжырымдамасы мен медициналық көмектің сапасын басқарудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған сала реформасының жүзеге асырылуы туралы әріптесім Сәния Есімсейітова баяндайды.

РКС: Биылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі. Ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасына қарасты жұқпалы аурулар орталығының инфекционист дәрігері Айдана Тұрсанина енгізіліп жатқан жаңашыл өзгерістерді жас мамандар үшін жақсы жаңалық деп бағалайды. Медициналық салада жұмыс істеп келе жатқанына бір жыл ғана болғанымен, қысқа мерзімде бірқатар науқасты емдеп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Айдананың жұбайы да медицина саласынан алшақ емес. Ол осы ауруханада невропатолог болып қызмет атқарады.

СНХ: АЙДАНА ТҰРСАНИНА, ДӘРІГЕР-ИНФЕКЦИОНИСТ: Біздің инфекционистердің және жедел- жәрдем қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі деп отыр. Ол біз үшін өте қуантарлық жағдай. Өйткені біздің еңбегіміз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал жалақының төмендігі қазір кадр тапшылығына алып келіп отыр. Жалақының өсуі мамандарды ұстап қалуға, жастарды медицинаға тартуға ықпал етеді. Өте қуаныштымыз.

РКС: Айдана медицина университетін тәмамдаған соң, 2 жыл интернатурада білім алып, одан кейін «Инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша 2 жыл резидентурада оқыған. Тәжірибелі маман өзінің біліктілігін алғаш жұмысқа орналасқан сәттен-ақ көрсете бастады, – дейді әріптестері. Инфекционист мамандарға сұраныс жоғары, ал олардың еңбегі ауыр. Сондықтан да медицина қызметкерлері дәл осы маман иелері жалақысының өсіп жатқанына қуантадарын атап өтті.

СНХ: НАТАЛЬЯ СИНИЦКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Айдана өз ісінің нағыз шебері, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Қысқа уақыттың ішінде-ақ өзін еңбекқор, үйренуге құштар әрі кәсібіне берілген дәрігер ретінде көрсете білді. Ол зейінді, сабырлы, әр іске тиянақты қарайды. Бір ұжымда ерлі-зайыптылардың бірге қызмет атқаруы жұмыс үдерісін жеңілдетіп, өзара түсіністікті нығайта түседі. Меніңше, Айдананың болашағы зор, алда үлкен жетістіктерге жететін маман.

РКС: Бұған қоса, әлеуметтік қолдау шараларының нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы 19, ал орта медициналық персонал бойынша 7 процент төмендеді. Десе де, терапевт, гинеколог және реабилитолог мамандар әлі де тапшы. Соңғы екі жылда жас мамандар саны артты. Жалақының өсуі медицина саласына жаңа кадрларды тартуға үлкен септігін тигізеді ,-дейді сала қызметкерлері.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ