ДИКТОР: Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жыл цифрландыру және жасанды интеллектке арналады. Осы ретте телекоммуникацияны дамыту және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттің бірі. Бұл бағытта Ақмола облысында тұрақты ілгерілеу бар. Өңір аумағында 5G желісі кеңейтіліп, телекоммуникациялық инфрақұрылым жаңартылуда.
РКС: Цифрлық трансформацияға бағытталған мемлекеттік бағыты жоғары деңгейде айқындалды. Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қоя отырып, заманауи технологияларды енгізу елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық жоспар екенін атап өтті.
ЦИТАТА+ФОТО: ҚАСЫМ ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін жаңа ғана айтып өттік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін – барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады.
РКС: Облыста телекоммуникациялық инфрақұрылым қарқынды дамуда. Ұялы байланыс аймағы кеңейіп, деректерді таратудың заманауи стандарттары енгізілуде. Интернетке қолжетімділік тек қалаларда ғана емес, ауылдық және шалғай елді мекендерде де арта түскен. Әсіресе, заманауи желілерді дамытуға ерекше басымдылық беріліп отыр.
СНХ: ӘНУАР ШАЙҚЫМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Көкшетауда 5G стандартындағы 15 базалық станция орнатылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 15 процент артық. Сондай-ақ, Ақмола облысының 37 ауылында OneWeb спутниктік интернеті орнатылды. Қазір ол толық жұмыс істеп тұр. Бұл дегеніміз қоғамдық тегін Wi-Fi қызметі. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында облыстың 24 ауылында «Транстелеком» операторы арқылы Starlink спутниктік интернеті іске қосылды.
РКС: Сондай-ақ, аймақ Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет іске қосылған Starlink Direct to Cell жобасының пилоттық алаңына айналды. Бұл жоба қарапайым смартфондарға байланыс желісі жоқ жерде төмен орбиталық спутниктерге тікелей қосылуға мүмкіндік береді. Өңір цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында шешімдердің нақты іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанын көрсетуде. Цифрлық теңсіздікті қысқартып, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, аймақтың және тұтас елдің технологиялық болашағын қалыптастыруда.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ