ДИКТОР: Қаңтар айында түскен қалың қар жол қозғалысына біраз кесірін тигізуде. Қазір облыстың барлық аймағында жолдарды тазалау жұмыстары күшейтілді. Шортанды ауданына қарасты 9 ауылдық округ пен 2 кентте де ішкі жолдар мен көшелерді қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Әріптесім Динара Нұрмұханова жалғастырады.

РКС: Шортанды кентінде қар тазалау жұмыстарына жекеменшік техникалар, автогрейдерлер мен тиегіштер жұмылдырылуда. Арнайы құрылған қар күреу жасақтары да тәулік бойы жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының айтуынша, көше қиылыстарында жиналған қар мен ішкі жолдар белгіленген тәртіпке сай уақытылы тазартылуда. Осыған байланысты әлеуметтік нысандарға қатынау аса қиындық тудырып отырған жоқ, жаяу жүргіншілер үшін де жағдай жасалған.

СНХ: НАРИМАН АХМЕТОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен экспедитор болып жұмыс істеймін. Шортанды ауданына тауар жеткіземін. Елдімекен ішіндегі барлық дүкенге еш кедергісіз қатынауға болады. Жолдар тазаланған, қозғалысқа ешқандай қиындық жоқ.

СНХ: НАУРЫЗАЙ ШАШУБЕК, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз жедел жәрдем қызметкерлері қазіргі таңда Шортаны районы бойынша барлық жолдар таза, адрестерге бару қолжетімді.

РКС: Қар тазалау жұмыстарына 10-ға жуық адам тартылған. Ал, күні бүгінге дейін сыртқа 930 текше метр қар шығарылды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ