ДИКТОР: Мүгедектігі бар жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған. Облыстық прокуратура соңғы екі жылда жүргізілген талдау барысында жеке табыс салығын есептеу кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жүйелі түрде бұзылып келгенін анықтаған. Прокуратура қабылдаған шаралардың арқасында мүгедектігі бар 344 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, олардан негізсіз ұсталған 12,8 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Облыстық прокуратура әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың құқықтарын қорғау ведомствоның қадағалау қызметіндегі басты басым бағыттың бірі екенін атап отыр.

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың теңдігіне және кемсітушілікке жол берілмейтініне кепілдік береді. Осы қағидатты іске асыру мақсатында салық заңнамасында I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жеке табыс салығын төлеуден босатылатыны тікелей көзделген. Алайда, заңның тікелей талаптарына қарамастан, жекелеген ұйымдарда мұндай қызметкерлердің жалақысынан салық негізсіз ұсталған.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ