ДИКТОР: Көкшетауда көпбалалы аналарға арналған жаңа жылдық кеш өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан арнайы шараға өңірдің әр түкпірінен шақырту алған 100-ден астам ана қатысты. Нәзік жандылар салтанаттың шартына сай арнайы кешкі сәнді көйлектерін киіп, қызыл кілеммен жүру құрметіне ие болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мұнда нәзік жандылар бір сәтке күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, өздерін нағыз ханшайымдай сезіне алды. Шараға жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар және кәсіпкер әйелдер қатысты.
СНХ: ӘСЕЛ АҚЖАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Отбасыммен бірге өнерлі отбасы болып облыстық, республикалық, қалалық байқауларды көптеген жеңімпаздары атанған отбасымыз. Міне, ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Мемлекетіміздің тарапынан өте көптеген көмектер, көпбалалы аналарға да, ерекше балалармен отырған аналарға да қызметтер көп. Өзімде кішкентай балапаныммен реабилитацияға барып тұрамын. Әдейі арнайы балабақшаларда бар. Сондықтан барша аналарға деген қолдау мемлекет тарапынан өте жақсы.
СНХ: АЛТЫН ҚАРТАБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Мен 3 қыз және 1 ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы анамын. Мамандығым бойынша балалар невропатологымын. Қазір облыстық балалар ауруханасында бүлдіршіндерді қабылдаймын. Көпбалалы аналардың құрметіне ұйымдастырылып отырған екінші бал. Осындай шараларда жаңа таныстар табамыз.
РКС: Шара барысында көпбалалы аналардың 1 жылда атқарған еңбектері мен жетістіктері паш етіліп, алдағы жоспарлары айқындалды. Мұндай әйелдер қашан да құрметке лайық. Өйткені, олардың ісі көпке үлгі - дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Көкшетау қаласында ең белсенді көпбалалы аналар. Басқа аудандарда көпбалалы аналар бар. Олар өздері белсенділік танытып, кәсіп те ашты. Өткен жылдан басталған бізде әлеуметтік павильон бар. Бүгінгі таңда 2 павильон ғана бар. Сол павильондарды көпбалалы аналар үлкейтпек ниетте. Одан басқа көпбалалы аналарға арналған тренингтер болады.
РКС: Ерекше дайындықпен келген арулар өздерін мүлдем басқа қырынан көрсетіп, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады. Шара соңында барлық қатысушы естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Көпбалалы аналардың құрметіне ұйымдастырылып отырған мұндай шара келер жылы да жалғасын таппақ.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ