ДИКТОР: Соңғы күндері Ақмола облысының барлық аймағына қалың қар түсті. Әсіресе, шалғайда жатқан елдімекендерде өте көп. Бұл ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауына қиындық туғызып отыр. Жыл басталғалы өңірде жолдарды тазалау жұмыстары күшейтілді. Әсіресе, жылдар бойы қардың астында қалып келген Новоникольское ауылы тұрғындарының биыл көзі ашылды.
РКС: Жыл сайын толассыз жауған қалың қар Новоникольское ауылының тұрғындарын біраз әбігерге салатын. Қар тазалау жұмыстары осы уақытқа дейін мүлдем жүргізілмеген. Салдарынан қыс мезгілінде елдімекен тұрғындары аудан орталығына қатынай алмайтын. Көпті алаңдатқан мәселе биыл өз шешімін тапты.
СНХ: ГАЛИНА АМРИНА, НОВОНИКОЛЬСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің ауылдық округте жыл сайын, әр қыс мезгілінде жол мәселесі өзекті. Жол екі немесе одан да көп күнге дейін жабылатын. Биылдан бастап қар тазалау жұмыстары қарқынды. Жол бойын да кеңейтуде. Қар ұстап тұру жұмыстары күнде жүргізіледі. Осылай ауыл жолдарына мән беріп отырғандарына алғысым шексіз!
РКС: Қар тазалау жұмыстарына 4 техника және 10-ға жуық адам жұмылдырылды. Тұрғындардың жайлы жүріп тұруын қамтамасыз ету мақсатында жолдарды тазалау және күтіп ұстау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.
СНХ: ДМИТРИЙ РЕЙТАРОВ, "НОВОНИКОЛЬСКОЕ" СЕРІКТЕСТІГІНҢ ИНЖЕНЕРІ: Біздің ауылда қар көп. Салдарынан, жолдар қалың қардың астында қалады. Ауылдың тарихы басталғаннан бері жолдардың мәселесі шешілмеген. Бірақ, біз барша қиындықтармен күресіп келеміз. Кейде ата-бабаларымыздың тәжірибесіне сүйене отырып, олардың дағдыларын қолданамыз. Ал, кейде жаңа, заманауи дағдылардың негізінде жолдарды қардан тазалаймыз. Біздің жұмыс қараша айының ортасында басталады. Осылайша біз жолды тазалап үлгеріп жатырмыз. 4 техника жұмылдырылған. Ауылдық округ шағын емес. Сандықтау ауданының орталығына дейін жолды қардан тазалаймыз. Тіпті, кейде аудан орталығын да тазалап жатамыз.
РКС: Жыл басталғалы Сандықтау ауданында 8 мың текше метрден астам қар шығарылды. Шалғайда жатқан елдімекендердің жолын тазалау үшін 23 меморандумға қол қойылды. Бұл өз кезегінде уақытылы қарды шығарып, көктемгі су тасқынының алдын алуға ықпал етпек.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ