ДИКТОР: Аймақта «Жалған нөмір» атты жедел алдын алу шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері акцияның бірінші күні 400-ден астам жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның 50-ге жуығы мемлекеттік тіркеу нөмірлері стандарттарын бұзуға байланысты.
РКС: Жедел-алдын алу шарасы жалған, оқылмайтын немесе қасақана жасырылған мемлекеттік нөмірлері бар көлікті басқарған жүргізушілерді анықтау мақсатында өткізілді. Полиция қызметкерлері бұл заң бұзушылықтардың жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін аса қауіпті екенін атап өтті.
СНХ: БЕКБОЛАТ ҚҰСМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ: Бұл мәселе жүргізушілердің ақылы жолдарда төлемнен немесе жол ережесін фото, видеофиксация жүйесі арқылы бақылаудан жалтару мақсатында нөмірлерді бұрмалаған не жасырып қойған жағдайда маңызды. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығы мен жол бедерінің жағдайына байланысты уақытша жылдамдық шектеулері енгізілген кезде де өзектілігін жоймайды. Мұндай әрекеттер заңды бұзып қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысына да қауіп төндіреді.
РКС: Жүргізушілер мемлекеттік нөмір белгілерін жасыру үшін түрлі айлаға барады. Заң бұзушылар арнайы жапсырмалар мен күңгірт жақтаулар, алып-салынбалы қаптамалар қолданса, кейбіреуі нөмірді өзгертіп, жасыратын автоматты құрылғыларды пайдаланады.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Жыл басынан бері өңірде жалған нөмірлі көлік басқарудың 11-ден астам жағдайы тіркелді. Жалған мемлекеттік 2 тіркеу нөмірін орнату дерегі анықталды. 240 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын болып шықты. Ал белгіленген тәртіп бойынша міндетті тіркеуден өтпеген номермен көлік басқарудың 35 дерегі анықталды.
ГРАФИКА:
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АНЫҚТАЛДЫ:
Жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлікті басқару - 11
Жалған нөмірлі белгілерді орнату – 2
Оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлікті басқару - 240
Мемлекетке тіркелген нөмірлік белгілері жоқ көлікті басқару - 35
СНХ: ЕРЛАН ДАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Жалған нөмірлі көлікті басқарғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ 1 жылға дейін жүргізуші куәлігінен, заң бойынша белгілі бір мерзімге дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Оқылмайтын немесе жасырылған нөмірлер үшін айыппұл шамасы – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
РКС: Егер жүргізуші нөмірлерді жасырғанның өзінде ол жауапкершіліктен құтылмайды. Мұндай жағдайда тәртіп сақшылары мамандандырылған ақпараттық жүйелер арқылы көліктің ықтимал қозғалыс бағыттарын анықтап, иелерін тауып алады. «Жалған нөмір» жедел алдын алу іс-шарасы аймақта алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ