ДИКТОР: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі кеңейді. Бұған дейін оған 19 азық-түліктің атауы енсе, енді 30-дан асады. Халық арасында жоғары қолданысқа ие өнімдердің тізіміне сүт өнімдері мен балық, көкөніс пен жеміс өнімдері енгізілді. Бұл азық-түлік тауарын қолжетімді әрі сауда орындарында тұрақты бағаны сақтап қалу үшін уақытша жасалып отырған шара. Ол қаңтардың 4-нен бастап қолданысқа енді.

РКС: Тізімге енген әлеуметтік тауарларға бөлшектік сауда бағасының шекті мәні бекітілген. Азық-түлікті жеткізу шартында сауда үстемесінің де мөлшері көрсетілген. Рұқсат етілген ең жоғарғы сауда үстемесі 15 проценттен аспауы тиіс.

КЕСТЕ МӘТІНІ: 15 пайыздық үстеме мөлшерімен саудаланатын тауардың тізіміне; бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан, макарон, қарақұмық жармасы, күріш, қант, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы, қара шәй дәмдеуіштерсіз және пакеттелгеннен басқасы, ас тұзы. Көкөністер мен жемістердің тізіміне картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ, қияр, алма енгізілді. Ет өнімдері де толықтырылды. Енді сүйекті сиыр еті және сүйексіз сиыр еті, сондай-ақ фарш, қой еті, жылқы еті, балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, тұтас тауық еті, саны мен төс еттерін сатып алуға болады. Сүттен жасалған тізімге енген өнімдердің майлылық көрсеткіші көрсетілген. Майлылығы 2,2%-тен 6%-ке дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт. Ол дәмдеуіштерсіз болуы тиіс. Майлылығы 2-3 проценттік айран. Қаймақ және майлылығы 5-9 проценттік ірімшік. Сондай-ақ, қатты және жартылай қатты ірімшік. Тұздалмаған сары майдың майлылығы 80%-ке дейін болуы шарт.

КЕСТЕ:

                                           АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ

Бірінші сұрыпты бидай ұны

 Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан

Макарон Қарақұмық жармасы

Күріш Қант

Күнбағыс майы Тауық жұмыртқасы

Қара шәй дәмдеуіштерсіз және пакеттелгеннен басқасы Ас тұзы («Экстрадан» басқасы)

                                       КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС

Картоп Сәбіз

Пияз Қырыққабат

Қызанақ Қияр

Алма

                                             ЕТ ӨНІМДЕРІ

Сүйекті сиыр еті Сүйексіз сиыр еті

Ет фаршы Қой еті

Жылқы еті Балғын, салқындатылған және мұздатылған балық

• Табан

• Мөңке

• Көксерке

• Тққы

• сазан

Тауық еті

• сан

• сирақ Тұтас тауыұ еті

                                               СҮТ ӨНІМДЕРІ

Сүт

• майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін

• пастерленген

• ультрапастерленген

• стерильденген

• дәмдеуіштерсіз

• лактозасыз сүттен басқасы Айран

• майлылығы 2-3%

• лактозасыздан басқасы

Қаймақ

• лактозасыздан басқасы Ірімшік (творог)

• Майлылығы 5-9%

Қатты және жартылай қатты ірімшік (сыр)

• майлылығы 40-50% Сары май

• тұздалмаған

• майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін

РКС: Базарда бекітілген тауар тізімін жеңілдетілген бағамен сатып алушылардың қарасы қалың.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен Ильичевка ауылынан келіп отырмын. Мына әлеуметтік тауарларды тұрақтандырып, төмендетіп бізді сатып алуға, ойлағанымыздай беріп отыр. Мен пенсиядамын өзім. Сүт, еттерді, балықтарды тізімге қосып жатқанына ризамыз. Қуаныштымыз.

СНХ: АҚМАРАЛ БАЙМАҒАНБЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жақсы жаңалық естіп жатырмын. Сүт тағамдарына жеңілдік болады деген. Сол өте құанышты. Біз барлығымыз зейнеткерміз. Рахмет айтқым келеді. Сондай тағамдарды көбірек әкелулеріңізді сұраймын.

РКС: Бүгінде Көкшетау қаласы бойынша 20-дан астам сауда орталығында әлеуметтік азық-түлік бөлімшелері орналасқан. Ондағы арзандатылған азық-түлікке деген сұраныс өте жоғары. Облыстық сауда және тұтынушы құқықтарын қорғау департаментінің мамандары әлеуметтік тауарлардың бағасын жіті бақылауда ұстап отыр.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Құрметті тұтынушылар, кәсіпкерлер егерде сіздер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қымбаттағанын байқасаңыздар департаменке хабарлассаңыздар болады. Бұл тұтынушылардың сапалы, қолжетімді болуына әкеледі. Ең бастысы мақсатымыз шара қолдану емес. Кәсіпкерлерге заңды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

РКС: Әлеуметтік азық-түліктің бағасын бекітілген сомадан асыратын болса онда жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 5, орта кәсіпкерлік үшін 35, ал ірі кәсіпкерлікке 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде қайтадан заң бұзушылық орын алса, айыппұл мөлшері екі есе өседі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ