ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты бірқатар елдімекенде инфрақұрылым мәселесі бірдентеп шешіліп келеді. Ауыл көшелеріне жарық бағандары орнатылып, жолдар жөнделуде. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары да қолға алынған. Биыл жаңа бағандар Ыбырай Алтынсарин және Аққайың ауылдарына орнатылды.
РКС: Целиноград ауданына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауылы енді түнде жап-жарық. Жарық орнатылғаннан кейін тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасы айтарлықтай артты.
СНХ: МЕРУЕРТ НҰРАЛБАЕВА, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылымыз жарқырап тұр. Бұл біздің еліміздің көркейіп келе жатқандығын, ауылымыздың өркендеп келе жатқандығын көрсетеді. Осы орайда, біздің алғысымыз шексіз! Осыны қаржыландырып отырған облысқа, аудан әкімшілігіне және де ауылымыздың әкіміне алғысымыз шексіз.
РКС: Көршілес Аққайың ауылының тұрғындары да оң өзгерістерді сезінуде. Мұнда да көшелерге жаңа жарық бағандары орнатылып, ауыл аумағы абаттандырылды.
СНХ: ОКСАНА ГЛЫЗИНА, АҚҚАЙЫҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жобаға ат салысқан барша жанға алғыс шексіз. Ауыл электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Енді міне көше бойларына да жарық шамдар орнатылды. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындары рахаттанып жүр. Енді балаларымыз қараңғыда жүрмейді. Әкімшілікке, облысқа, ауданға, қаражат бөлгендер, іске асыруға тікелей қатысқандар және қысы-жазы жұмыс істегендердің барлығына үлкен алғыс. Біз мұны ұзақ уақыт күттік! Енді міне қолымыз жетті. Баршаңызға көп рақмет!
РКС: Жергілікті билік өкілдері бұл инфрақұрылымдық жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады деп отыр. Әлеуметтік нысандарды жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстары басты назарда.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ