Сынақ ақпанның 10-на дейін жалғасады. Емтиханға қатысуға 200 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Биыл бұрнағы жылдармен салыстырғанда тестілеуге қатысушылар саны артқан. Емтихан форматы өзгерген жоқ. Жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілер үшін қандай бейіндік пәндер басымдыққа ие, тестілеуге талапкер өзімен бірге не алып бара алады және аппеляцияға өтініш беру мерзімі қандай ? Тілші баяндайды.
РКС: Өтініш берген кезде талапкерлер емтихан тапсыру күні мен уақытын, сондай-ақ тестілеу пунктін өздері таңдайды. Бейіндік пәндер арасында ең көп таңдалатын бағыт- математика мен физика, биология мен химия, сондай-ақ шығармашылық емтихан.
СНХ: БЕКАРЫС ОСПАНОВ, ТАЛАПКЕР: Бүгін мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыстым. Менің таңдау пәнім физика мен математика. Емтиханнан 54 балл алдым. Алғашында әрине қобалжу сезімі болды. Тестілеу кезінде де қатты қобалжыдым. Бірақ барынша өзімді жинап бұл сезімді жеңуге тырыстым.
РКС: Тестілеу кезінде оқушылар калькуляторды, химиялық элементтердің периодтық жүйесін және тұздардың ерігіштік кестесін пайдалана алады. Апелляцияға өтініш тексеру аяқталған соң 30 минут ішінде берілуі тиіс. Сертификатты аппеляциялық комиссия шешім қабылданғаннан кейін әр талапкер жеке кабинетінен көре алады.
СНХ: АРМАН ҚАЛИШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 187 мың өтініш берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Біздің аймақтық тестілеу орталығында, атап айтсақ, Көкшетауда 3172 талапкер тіркелген. Талапкерлер тестілеуді өз таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыра алады. Емтихан нәтижесі тестілеу аяқталған бойда қолжетімді болады.
РКС: Биыл Ұлттық бірЫңғай тестілеудің форматына өзгеріс енгізілген жоқ. Талапкерлер міндетті үш пәннен және өз таңдауы бойынша бейіндік екі пәннен емтихан тапсырады. Тапсырма саны – 120, ал максималды балл – 140. Тестілеуге 4 сағат уақыт бөлінген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қосымша 40 минут қарастырылған. Қаңтар айындағы тестілеуге өткен жылғы мектеп түлектері, колледж студенттері, мектеп бітірушілер және ақылы негізде оқуға қабылданатын немесе басқа оқу орнына ауысатын талапкерлер қатыса алады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ