ДИКТОР: Бүгінде өңірдің барлық мектебінде Қазақстанда әзірленген, тегін ұсынылатын отандық «BilimClass» цифрлық білім беру платформасы енгізілді. Мұнда электронды журнал жүргізу, интерактивті сабақтар мен білімді тексеруге арналған материалдарды пайдалану, онлайн сабақтарды ұйымдастыру, оқу үдерісін бақылау және есептілік жүргізу қарастырылған. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Оқу материалдары теориялық мазмұнды, бейне және аудиоматериалдарды, симуляторлар мен практикалық тапсырмаларды біріктіретін интерактивті сабақтар форматында беріліп, мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктерін жедел бақылауға мүмкіндік береді.

СНХ: САЛТАНАТ СЕЙПИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «BilimLand» компаниясы бізге 2016 жылдан бері таныс. Осыған дейін «BilimLand» білім беру платформасында жұмыс істедік, онда 1–11 сынып оқушыларына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу, аудио және бейнематериалдарға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Кейін отандық платформаға көшу туралы шешім қабылданды. Қазір біз осы платформада екінші оқу жылын жұмыс істеп келеміз.

РКС: Платформа педагогтар мен мектеп әкімшілігі үшін білім сапасын мониторингтеу мен оқу үдерісін талдауға арналған арнайы модульмен жабдықталған. Ол негізгі көрсеткіштерді көрнекі түрде көрсету арқылы білім сапасын басқаруды оңтайландырады. Сондай-ақ қашықтан оқуға мүмкіндік беретін модуль де жұмыс істеп тұр. Енді кез келген оқу процесін бір қосымша арқылы ұйымдастыруға болады.

СНХ: АЙГҮЛ ӘУБӘКІРОВА, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: «BilimСlass» бағдарламасымен біз екі жылдай жұмыс жасап жатырмыз. Балаларға да, мұғалімдерге де өте ыңғайлы. Балалар жағынан қосымша бағдарламасы, iTest 9-11 сыныптарға арналған ҰБТ-ға дайындық тестілеу бар. Мұғалімдер жағынан интерактивті сабақтар бар. Біз Солтүстік өңірде өмір сүріп жатқан соң бізде қашықтықтан сабақтар өте көп болады. Сондықтан өте ыңғайлы онлайн сабақтары платформасында. Мұғалімдерге арналған мониторингі – балалардың қалай сабаған оқып жатқан, көрсеткіштері көрсетіледі.

ДЛЯ РУС.РЕД: СНХ: АЙГУЛЬ АУБАКИРОВА – УЧИТЕЛЬ ИНФОРМАТИКИ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ №1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР: Платформай «BilimСlass» мы пользуемся уже 2 года. Хочется сказать, что данная платформа очень удобная, как для учителей, так и для учеников и родителей. Есть дополнительные программы, как itest, iMektep, BilimLand. В данной группе можем использовать подготовку к ЕНТ. Со стороны учеников, дополнительные тестирования, которые нужны для школы. Так как у нас часто проходят с погодными условиями онлайн уроки, мы можем проводить их в BilimСlass.

РКС: Аймақтың білім беру ұйымдарына платформаның түрлі модулін тегін пайдалану мүмкіндігі беріліп, соның арқасында шамамен 173 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, қосымшада білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген жағдайда кешбэк түріндегі ынталандыру механизмі де қарастырылған. Аталған қаражат оқушының шотына аударылып, оны тамақтануға немесе ұялы байланыс қызметін төлеуге пайдалану мүмкіндігі бар.

СНХ: ОЛЬГА ПОКАМИНА, БАЛКАШИНОДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «BilimClass» платформасын күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, өткізілген сабақтар мен бағалауды белгілеуге арналған электронды журнал ретінде ғана емес, сонымен қатар дайын бейнесабақтарды пайдалану, тестілеу жүргізу, PISA, ҰБТ және функционалдық сауаттылыққа дайындық үшін де қолданамыз. Бұл мұғалімнің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Ата-аналар үшін де «BilimСlass» платформасын қолдану өте ыңғайлы. Өз телефондары арқылы балаларының сабаққа қатысуын және оқу барысында белсенділігін бақылауға болады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ