ДИКТОР: Ет кластері облыс экономикасының басты қозғаушы күштерінің біріне айналмақ. Aqmola Invest орталығында облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен етті мал шаруашылығы мен инвестициялық аймақтарды дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті. Аймақ басшысы аудан әкімдіктеріне табиғи жағдайды, жемшөп қорының мүмкіндіктерін және шаруашылықтардың нақты мамандануын ескере отырып, ет өндірісін дамыту жөніндегі жоспарларды қайта қарауды тапсырды. Ерейментау ауданы ет кластерінің тірек аймағы ретінде белгіленді. Оның негізгі кәсіпорындары қатарына «Соколинки и К» мен «Торғай» серіктестіктері енеді. Биыл шаруашылықтарға төрт мыңнан астам қалмақ тұқымды ірі қара жеткізілді. Шаруаларды оқыту мен қолдауды қамтамасыз ету үшін Торғай ауылында Фермерлер үйінің құрылысы басталды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы жобаның ұстанатын бағытын қазірден бастап айқындап алуымыз қажет. Бағдарламаның негізгі мақсаты – экономикалық тиімділікті арттыру, бюджет кірістерін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту. Мұның барлығы біздің өңірде бар. Сондықтан біз, Ақмола облысы, тек өсімдік шаруашылығымен ғана емес, мал шаруашылығымызбен де мақтана аламыз.