ДИКТОР: Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылының №2 орта мектебінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық экологиялық сайыс өтті. Шараға 3 құрама қатысып, 3 кезеңде бақ сынасты.
РКС: «Табиғат жолбасшысы» экологиялық ойынына Балкашино ауылындағы екі мектеп пен Сандықтау ауылы мектебінің командалары қатысты. Шара жастар арасында экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеуге және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
СНХ: СӘУЛЕ ЖАЙЫЛҒАНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында үш мектептің жоғары сынып оқушылары экологиялық ойынға қатысты. Бұл – аудан жастарын белсенді түрде тартуға бағытталған ең маңызды іс-шараның бірі. Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Оның қандай болатыны – әсем, таза әрі экологиялық тұрғыдан сау болуы – өз қолымызда. Сондықтан біз осындай маңызы зор іс-шараларды ұйымдастырып келеміз.
СНХ: ФЛОРЕНТИНА КЕЛЛЕР, №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізде экология мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Балалар экологиялық тақырыптарды сабақ барысында меңгереді, сондай-ақ мектептен тыс уақытта әлеуметтік маңызы бар жобаларға белсене қатысады. Сыныптан тыс уақытта оқушылар сенбіліктерге шығып, гүлдер, ағаштар мен бұталар отырғызады. Сонымен қатар мектебімізде білім алатын балалардың ата-аналары мен шағын аудан тұрғындары арасында да түсіндіру және тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.
РКС: Ойынның бірінші кезеңінде қатысушылар еліміздің экологиясы мен табиғатына қатысты сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде оқушылар «Қазақстанның 20 жылдан кейінгі экологиялық болашағы» тақырыбында өз жобаларын ұсынды. Сайыстың 3-ші кезеңінде әр топ ұсынылған экологиялық мәселелердің шешу жолдарын табуға тырысты.
СНХ: АМАНГЕЛДІ ЖҮСІПОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жас балалардың осы экологиялық бағытта ойлары өте керемет деп ойлаймын. Мектеп оқушылары өздерінің экология бағытындағы ойларымен бөлісіп, ортаға салып, ең мықтылары жеңді деп ойлаймын.
СНХ: ДАРЬЯ НЕВОЛЬКО, БАЛКАШИНО АУЫЛЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Өте керемет, бірінші орынды иелендік, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Ойын өте жоғары деңгейде өтті, осындай іс-шаралар көбірек болу керек. Бұл шынымен де өте жақсы. Баршаңызды туған өлкемізге, табиғатымызға ұқыпты әрі жанашырлықпен қарауға шақырамыз.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша Балкашино №2 орта мектебінің құрамасы жүлделі 3-ші орынды иеленді. Сандықтау ауылының мектебі екінші орынға тұрақтады. Ал Балкашинодағы №1 орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ