ДИКТОР: Құны 82 миллион теңгеге бағаланған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сандықтау ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы жерлерін уақытша пайдалану конкурсының қорытындыларын талдау барысында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Конкурс қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол конкурс өткізілгеннен кейінгі күні бірден жариялануы тиіс еді. Бұл рәсімдердің бұзылуы конкурстың ашықтығы мен әділдігіне теріс әсер еткен. Жүргізілген тексеру нәтижесінде заң талаптарын бұзған жауапты лауазымды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде сот тәртібімен жеті жалдау шарты жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.