ДИКТОР: Көкшетауда футзалдан «TÀUELSIZDIK CUP» республикалық турнирі өтті. Астана қаласы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген балғын спортшылар тартысты ойын өрнегін көрсетті.
РКС: Жарыста жас ерекшеліктері бойынша 2011–2012 және 2013–2014 жылы туған балғындардан құралған командалар бақ сынасты. Осылайша 16 команда кіл мықтыларды анықтауда өзара жарысты. .
СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ШАҒЫН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жалпы Ақмола облысы футзал ассоцациясы бұндай жарыстарды көптеп өткізеді. Бұндай жарыстардың ішінде бізде республикалық жарыс, облыстық жарыс, қалалық жарыстар болып бөлінеді. Оның ішінде бұл турнир, жарыс республикалық болып есептеледі. Себебі бұл жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының командалары, Ақмола облысының райондарынан командалар, сондай-ақ Астана қаласынан командалар келіп отыр.
РКС: Алаңға шыққан әр жас ойыншы өз мүмкіндігін, мінезін, тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Ойын барысында табандылық, командалық рух пен жеңіске деген жігер айқын сезілді.
СНХ: ЕГОР ПЕТРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біз Шортанды ауданынан келдік. Б тобында ойнадым. Үш ойында жеңіске жетіп, жартылай финалға шықтық. Жартылай финалда қарсыласымызды жеңдік, финалда сол командамен қайта кездесіп, бес гол айырмасымен жеңіліп қалдық. Менің ойымша екінші орын да жақсы нәтиже. Біз жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын, басқа командалар да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Турнир өте жақсы өтті. Мұндай жарыстардың ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Басқа командалардың ойын үлгілерін үйренеміз, кейін сол командалармен қайта кездесіп, шеберлігімізді шыңдаймыз.
РКС: Алдыңғы қатардан көрінген ойыншылардың бірі Әбілмансұр Хамит. 10 жасынан бері спорттың осы түрімен айналысады. Бірнеше голмен қарсыластарын басып өзып, көрерменді тәнті етті.
СНХ: ӘБІЛМАНСҰР ХАМИТ, BOLASHAQ SARAIY КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: (КӨКШЕТАУ): 5, 6 және 7 күндерінде «Тәуелсіздік» деген турниріміз өтті. Сол турнирде біз бірінші орынға ие болдық. Солай сәтті бүгінгі командаға қарсы Тайынша ауданына біз 6:0 есеппен жеңдік. Командама рахмет, өте үлкен рахмет деп айтқым келеді. Мен үшін футбол өте жақсы, көңіл күйімді көтереді. Жалпы менің хоббиім, өзімді футбол ойыншысымын деп болашақта көремін.
РКС: Кіші жас санаты бойынша бірінші орынға Көкшетаудың «Энергетик А» командасы шықты. Жүлделі екінші орынды Шортанды ауданының құрамасы еншіледі. Үшінші орын көкшетаулық «Оқжетпес 2015» командасына бұйырды. Жоғары топтардың арасында бірінші орынды BOLASHAQ SARAIY командасы жеңіп алды. Екінші орынды Тайынша ауданының командасы, ал үшінші орынды Көкшетаудың «QULAGER FUTSAL U15 A» командасы иеленді. Үздік ойыншылар мен командалар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ