ДИКТОР: Былтыр еліміз бойынша зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшейтілді. Десе де, жұдырық ала жүгірген отбасы иелерінен зардап шеккен нәзік жандылардың қатары азаяр емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің дәмін татқан балалар мен аналарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Бүгінде облыс бойынша лицензиясы бар 4 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Олар зардап шеккендерге психологиялық, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Ақмола облысына іссапары кезінде «Шанс» орталығының жұмыс барысымен танысты.

РКС: Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандармен жұмыс істейтін «Шанс» орталығы 24 орынға шақталған. Қазір мұнда 6 ана мен 18 бала қажетті көмек алуда. Жәбірленушілерге жауапты саланың 6 маманы кеңес беріп, қолдау көрсетуде.

СНХ: ӘСЕЛ САМРАТОВА, «ШАНС» ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біз оларға әлеуметтік, психологиялық, медициналық көмек көрсетеміз. Және олардың құқықтарын қорғаймыз. Балалар мен аналар осы мекемеде жарты жылға дейін тұра алады. Баспана, барлық керек жарақтарын береміз. Аналарды жұмысқа орналастыруға көмектесеміз. Өмірге деген ынталарын жақсартуға көмектесеміз.

РКС: «Шанс» дағдарыс орталығына кез-келген уақытта хабарласуға болады. Олар құқық қорғау органдарымен және әлеуметтік ұйымдармен етене тығыз жұмыс істейді. Жергілікті кәсіпкерлермен де байланыс орнатқан. Дегенмен, әлі де мекеменің техникалық жабдықтармен жасақталуы, кадр тапшылығына қатысты мәселелері бар. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин орталықтың ахуалымен танысып, егжей-тегжейін анықтады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Осы сұрақтарды біз алдымызда Үкімет органдардың алдында мемлекет, үкімет тарапынан қолдау болатынына ұсыныс жібереміз. Алдағы уақытта осы мәселелердің шешілуіне себепші боламыз деп ойлаймыз. Тәртіп мәселесі. Ішкі істер органдарымен бірлесіп, осындай жағдайлар болғанда көмектесіп, жағдайды жақсартуға жан-жақты жұмыс жасалу керек.

РКС: Халық қалаулысы осыдан бір күн бұрын облыстың бірнеше елдімекенін аралап, ауылдың ахуалымен танысып, халықпен кездескен. Онда еңбекті қорғау мәселесі, зейнеткерлердің жағдайын жасау, ерекше жандарға көрсетілетін көмек пен қолдау сынды түрлі суал қойылып, жан-жақты талқыланды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ