ДИКТОР: Шет ел азаматтарының курортық аймақтарға қызығушылығы жоғары. Содан болар елімізде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Ақмола облысы бойынша Бурабай курортық аймағы үздіктердің қатарында. Көршілес елдерден көлікпен қатынайтын туристердің қарасы қалың. Қаңтардың 1-інен бастап «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру тарифі өзгерді.

РКС: Былтыр «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына кіру үшін жеңіл автокөліктер шамамен 1180 теңге, ал микроавтобустар мен жүк көліктері 3 932 теңге төледі. Биыл бұл тарифтің құны айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты қымбаттап отыр.

КЕСТЕ МӘТІНІ: Жеңіл автокөліктер енді 1298 теңге, 16 орынға дейін шақталған микроавтобустар және жүк көлігі 4325 теңге, 32 орындық автобус 8650 теңге төлесе, 32 орыннан артық автобустар үшін 12 975 теңге төлеу міндеттелген. 1-ші мамырдан 30-шы қыркүйекке дейінгі уақыт аралығындағы демалыс және мереке күндеріне де тариф құны біршама өседі. Жеңіл автокөліктер 1730 теңге, 16 орынға дейін шақталған микроавтобустар және жүк көлігі 6488 теңге, 32 орынға дейін шақталған автобус 10813 теңге, ал 32 орыннан артық автобустар 15 138 теңге төлейді.

КЕСТЕ:

КӨЛІК ТҮРІ АЕК КӨЛЕМІ ТАРИФ СОМАСЫ

Жеңіл автокөлік 0,3 АЕК 1298 тг

Микроавтобус (16 орынға дейін) және жүк көлігі 1,0 АЕК 4325 тг

Автобус (32 орынға дейін) 2,0 АЕК 8650 тг

Автобус (32 орыннан жоғары) 3,0 АЕК 12975 тг

ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ

(1-ші мамырдан 30-шы қыркүйекке дейін)

Жеңіл көлік 0,4 МРП 1730 тг

Микроавтобус (16 орынға дейін) және жүк көлігі 1,5 МРП 6488 тг

Автобус (32 орынға дейін) 2,5 МРП 10813 тг

Автобус (32 орыннан жоғары) 3,5 МРП 15138 тг

РКС: Кей категориясы бар көлік жүргізушілеріне тегін кіру мүмкіндігі берілген.

СНХ: ЕРБОЛ РАҚЫМЖАНОВ, «БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ ПУНКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ұлттық парк аумағына мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері көлікпен тегін кіре алады. Сондай-ақ, электромобильдер үшін де төлем алынбайды.

РКС: Қаңтардың бірінен бері курортты аймаққа 14 мыңға жуық автокөлік жаңа тариф бойынша төлем жасап кірген. Көлік тізгіндеушілер тариф бағасына қатысты өз ойларымен бөлісті.

СНХ: НҰРБОЛ ӘБУШАХМАН, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Бурабайға қыдырып келдім. Бағаны көтергенін білдім, төледім. Қатты байқалған жоқ.

РКС: Тарифтерді көтеруден түскен қаражат жолдарды күтіп-ұстауға, арнайы жаңа жол техникасын сатып алуға, сондай-ақ автожол инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ