ДИКТОР: Шортанды ауылының тұрғындары осымен 2 жыл қатарынан қыста жылудың зардабын тартып келеді. Новая көшесіндегі № 2 үйдің ішіндегі жылу құбырлары бір жылынған емес. Қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілгенімен, жекелеген пәтерлерде ұзақ уақыт температура нормативке сәйкес келмейді. Жылумен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолданылуда? Жағдай өзгерді ме? Тілші зерттеп көрді.
РКС: Тұрғын үйдің қазандығы жөндеуден өткеннен кейін де кей пәтерлерде жылу құбырлары салқын қалпында қалған. Тұрғындар жүйедегі суды ағызғаннан кейін де температура нормаға сәйкес келмегенін айтуда. Сондықтан электр жылытқыштарды қолдануға мәжбүр болған. Ал мамандар жылу жүйесін реттеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
СНХ: АЛЕКСАНДР КОЛЕСНИКОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОМУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жылумен қамтамасыз ету көздерінен берілетін жылу нормативтік параметрлерге сәйкес беріліп жатыр. Үйге кіретін температура мен қысым да талапқа Десе де, жекелеген пәтерлерде жылуға қатысты мәселе бар. Пәтерлердің кей бөлмесіндегі температура белгіленген нормаға сәйкес емес. Осыған байланысты кешеден бері аталған пәтерлерде жылу жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Ол пәтерлерде нормативтік температура қамтамасыз етілгенге дейін жалғасады. Сонымен бірге осы үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың жылумен жабдықтау жүйелеріне күнделікті әрі сапалы мониторинг жүргізу мәселесі де қарастырылуда.
РКС: Жылу айналымын жақсарту үшін қуаты жоғары сорғылар орнатылды. Ол өз кезегінде жылу беруді тұрақтандуға мүмкіндік берді. Пәтерлердегі жылу құбырлары біртіндеп жылына бастады, ал бөлмелердегі температура айтарлықтай көтерілді.
СНХ: НАҒИМА ШАДАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Кеше ЖХК-ның адамдары келді. Жылуды бәрін берді. Батарей жылы кішкене. Үй жылынды. Рахмет келіп әйтеуір, көріп бәрін, қарап.
РКС: Жүргізілген жұмыстардың барысында жылу беру жүйесі қосымша реттеліп, жылу тасымалдағыштың тұрақты қозғалысы қамтамасыз етілді. Жүйе параметрлері мамандардың тұрақты бақылауында.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ.