ДИКТОР: Ақмола облысынан XXV қысқы Олимпиада ойындарына шорт-тректен Денис Никиша, Яна Хан мен Ольга Тихонова қатысады. Өңір спортшылары жарысқа қатысу үшін 8 лицензия жеңіп алды. Додалы жарысқа қызу дайындалып жатқан спортшылармен аймақ басшысы Марат Ахметжанов кездесті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақпанның 6-смы мен 22-сі аралығында Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ақмолалық спортшылар жеке жарыста да және аралас эстафетада да өнер көрсетеді. Ақмолалық шорт трекшілер алдымен Нидерландының Херенвен қаласында 25 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сәттілік тілеймін! Ең бастысы жақсы формада болыңыздар. Осындай жауапты сәтте сіздерді психологиялық түрде қолдауға келдім. Тек өз атымнан ғана емес, өңір тұрғындары мен сіздердің жанкүйерлеріңіздің атынан да келіп тұрмын. Сәттілік тіледік сіздерге!
РКС: Қазір ақмолалық спортшылар Астана қаласындағы "Алау" мұз сарайында қызу дайындалып жатыр. Мұнда спортшылардың жаттығуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Байрақты бәсекеде шорт-тректен сынға түсетін Денис Никиша жүлде үшін барын салатынын айтуда.
СНХ: ДЕНИС НИКИША, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Мен шорт-трекпен 20 жылға жуық айналысып келемін. Олимпиада ойындарына бір айда дайындалу мүмкін емес. Бұл жерде 4 жылдық еңбек жатыр. Команданың үлкен жұмысы. Не де болса біз дайынбыз! Олимпиададан жүлделі орынмен оралу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
РКС: Бұл тек қана спорт емес, үлкен жол, - дейді Ольга Тихонова. Ол аралас эстафетада 500 ден 2 мыңға дейінгі метрде өнер көрсетпек.
СНХ: ОЛЬГА ТИХОНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Шорт-трек бұл болжау мүмкін емес спорт түрі. Сондықтан, әрқашан бар күш-жігерімізді салып, жылдар бойы жаттыққан жұмысымызды көрсетуіміз керек.
РКС: Яна Хан шорт-трекке кездейсоқ келген жоқ. Янаның бұл спорт түріне ерекше махаббаты мен құмарлығын әкесі ашса керек.
СНХ: ЯНА ХАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Әлі күнге дейін әкеме алғысымды айтамын. Мен 2020 жылы алғаш рет Пекин қалалсында өткен Олимпиадаға қатыстым. Біздің команда мықты деп білемін.
РКС: XXV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 6-сы мен 22-сі аралығында Италияның Милан және Кортина-д"Ампеццо қалаларында өтеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ