ДИКТОР: Аршалыда әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелеріне арналған кеңес өтті. Бұл жиында заңсыз қоқыс төгетін орындар, қаңғыбас жануарлар, экологиялық ахуал және ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Дегенмен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы кейбір кемшіліктер мен олқылықтар өзекті мәселе болып қала бермек.

РКС: Жібек Жолы мен Жалтыркөл ауылдарында су құбыры мен электр желілерін салу, Қостомар ауылында көшелер мен жол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ Ақбұлақ пен Аршалы ауылдарында газбен қамтамасыз ету жұмыстары өзекті мәселелер қатарында тұр. Нысандардың уақытында пайдалануға берілмеуінің басты себептері - жер учаскелерін рәсімдеудің кешігуі және атқарушы ұйымдардың жұмыс сапасының төмендігі,-дейді аудан әкімі.

СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалтыркөл ауылындағы жұмыстар толық орындалды. Техникалық бақылаумен бірге бірқатар ескерту анықталды. Оларды осы айда түзету қажет. Сондай-ақ, Жалтыркөл тұрғындары су құбырымен толық қамтылды, ескі де, жаңа ауылдарға да су беріліп жатыр. Ал Жібек Жолы ауылының алтыншы шағынауданында әлі де шешімін таппаған бірқатар мәселе бар.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов тұрғындарды жылумен, электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың ең маңызды әрі басты міндеті екенін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Адамдардың негізгі қажеттіліктері, яғни су, электр энергиясы және жылумен қамтамасыз ету - бұл мәселелер үнемі шешімін табуы тиіс. Бұл біздің қасиетті міндетіміз әрі күнделікті жұмысымыз. Осы мақсаттарға бюджеттік қаражат бөлінеді, барлық жобаларға қажетті қаржы қарастырылған. Қазір жергілікті атқарушы органдар үшін ең басты міндет - бағдарламаларды дұрыс әрі сапалы жүзеге асыру. Бұл тек бақылау немесе тексеру емес, осы салаға белсене араласу, терең мән беріп қатысу керек. Мемлекет басшысы да өз сұхбатында бүгінгі күні басты назар бақылауда емес, серіктестікте болуы тиіс екенін де нақты атап өтті.

РКС: Кеңес қорытындысы бойынша аймақ басшысы сала жетекшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Аудан әкіміне белгіленген мерзімдерде барлық ескертуді жою міндеті қойылды. Тапсырмалардың орындалуын қадағалауды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы жетекшілік ететін жұмыс тобы жүзеге асырады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ