ДИКТОР: «Адал полиция қызметкері» атты ауқымды акция аясында патрульдік полицияның қызметтік автокөліктеріндегі QR-кодтар жаңартылды. QR-кодты сканерлеу арқылы тұрғындар құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған кез келген заңсыз әрекеттерді нақты уақыт режимінде құзырлы органдарға хабарлай алады.
РКС: Өңір тұрғындары полиция қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық, заңсыз ұстау, дөрекі сөйлесу, заңға қайшы өзге де құқық бұзушылықты QR-кодты пайдалану арқылы дер кезінде жауапты органдарға хабарлай алады. Арыз-шағымдар тікелей қабылданып, жауапты органдардың жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.
СНХ: ИГОРЬ КУЧЕР, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ: Халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі әрі ымырасыз күресті көрсетуді мақсат еткен шара бұл. Сондай-ақ, қызметкерлер арасында адалдық, жауапкершілік және ашық жұмыс істеу қағидаттарын насихаттау.
РКС: Жаңартылған QR-кодтар патрульдік автокөліктердің іші мен сыртында да арнайы жапсырма арқылы көрсетілген. Бұл қала тұрғындарының жедел әрекет етуіне қолжетімді әрі пайдалануына да ыңғайлы.
СНХ: СҰЛТАН БАЙБОЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Азаматтан түскен арыз-шағым сілтеме арқылы WhatsApp желісне «Маған сіздің көмегіңіз қажет!» деген алдын ала енгізілген мәтін арқылы түседі. Бұдан кейін шағымыңыздың мән-жайын түсіндіруіңіз қажет, содан соң сізбен қызметкерлер міндетті түрде байланысқа шығады.
РКС: Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін QR-кодтар патрульдік көліктерден бөлек, учаскелік полиция пункттері мен ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарында да орналасқан. Бұл тұрғындармен кері байланысты анағұрлым қолжетімді әрі ашық етеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ