ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстан әлеуметтік мемлекет екенін атап өтті. Мемлекет тарапынан медицина саласының, ғылым мен мәдениеттің, сондай-ақ халықтың әлеуметтік ахуалын арттыру мақсатында бірқатар жоба іске асырылды. Парламент Мәжілісінің депутаты Айна Мүсірәлімова жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Кешеден бері өңірдегі бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Ал, бүгін жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда өзекті тақырыптар талқыланып, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
РКС: Отбасылық құндылықты сақтау-елдің бірлігі мен бірегейлігін нығайтумен тең. Жетімін жылатпаған, жесірін жоқтатпаған текті ел бүгінде бұл принципті қайта жандандырмақ. «Аmanat» партиясының жол картасы аясында «Бақыттымын отбасымда» жобасы іске қосылды. Оның негізінде 40-там астам бала өз отбасына қайта оралып, 20-ға жуық жетім ата-ана махаббатына бөленді.
СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Асырап алушы ата-аналардың жағдайы мүшкіл. Біріншіден ешқандай субсидия бөліндейді, жеңілдіктер жоқ. 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде берілетін төлемақы 43 мың теңгеден сәл асады. Бұл соманы 30 күнге бөлсек балаға күніне 1400 теңге ғана жұмсалуы керек. Айта кетейік, бұған баланың білімі мен қосымшасы, сондай-ақ киімі мен оны бағып-қағуы да осының ішіне кіреді. Сондықтан бұл сұраққа қатысты мәселені қайта қарастыру қажет.
РКС: Облыста 600-ден астам Ауған соғысының ардагері бар. Оларға жыл сайын ақпанның 15-де төленетін бір реттік арнайы төлемдер биыл берілмейтін болған.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ қой. Өкшесін басып келе жатқан бізбіз. Енді қазір былай қарасақ ең жасы 50-ден асса, ең үлкені 70-тен асты. Мен сіздерге дәйім жазып тұрамын. Марат Мұратұлының бізге көмек көрсетіп отырады. Курорттық санаторный, тіс салу сонысы бар. Енді 15 ақпандікі қалай болады?
РКС: Жиын барысында кей сала мамандарының жалақысы аз екені туралы мәселе көтерілді. Былтыр еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын ілгерлету мақсатында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президенттің бұл бастамасы жұмыссыздық мәселесін оңтайлату және жұмысшы мамандардың жағдайын жақсартып, олардың еңбек ақысы мен әлеуметтік қолдауын арттыруға бағытталды. Десе де, облыс орталығында кей сала жұмысшыларының жалақысы әлі де орташа айлықтан төмен. Атап айқанда, еден жуушылардың жалақасы 80 мыңнан сәл ғана асады.
СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Біраз мәселелер бар. Соның ішінде жалақасы аз, жаңағы категориясы жоқ, жаңа келген жұмысшылардың. Үкіметтің 11,93 постановлениесі бар. Көп депутаттар осы мәселені көтеріп жатырмыз. Оның ішінде техработниктар, уборщицалар бар. Жаңа да біраз МРЦ-ны сол постановлениеге қосыңызшы деп, жастар айтып жатыр. Барлық сұрақтарды жинап, бақылауға алмыз. Бірде бір мәселе қалмайды.
РКС: Сондай-ақ, отырыс барысында мектептептегі тегін тамақтану, студенттердің жатақхана мәселесі көтерілді. Мектептегі жоғары сынып оқушыларына көлік жүргізу сабақтары енгізіліп, білім ошағын тәмамдаған кезде жүргізу куәлігін аттестатпен бірге алып шықсын деген ұсыныстар да айтылды. Бұл шет ел тәжірибесінде кеңінен қолданылып келе жатқан үрдіс,- деп атап өтті жиынға қатысушылар.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ