ДИКТОР: Жақсы ауданына қарасты Кировское ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Енді 500-ден астам ауыл тұрғыны ауданға сабылмай-ақ қажетті медициналық көмекті тұрғылықты жерінде ала алады.

РКС: Медициналық нысанның құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Бүгінде Кировское, Қызылсай және Баяғыз ауылдарының тұрғындары барлық талапқа сай, заманауи жабдықталған пунктте сапалы медициналық көмек алуда.

СНХ: АНЖЕЛИКА ЮДИНА, ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТТІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – бұл ең алдымен әр тұрғынға, әсіресе балалар мен қарт жандарға көрсетілген шынайы қамқорлық. Енді ауыл тұрғындары фельдшерге жүгіну үшін алысқа сабылмай-ақ, медициналық көмекті дер кезінде алып, қажетті тексерулерден өтеді. Медициналық нысан ел игілігіне ұзақ жыл қызмет етсе деймін. Тұрғындардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға өз үлесін қоса берсін.

РКС: Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Кабинеттерде магнитотерапия аппараты, жөтел кезінде шырышты жинауға арналған оқшаулағыш кабина, телекардиограф және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған толық жинақтар орнатылды.

СНХ: СВЕТЛАНА ПРИЛЕЖАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл тұрғындарының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Көптен күткен фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – баршамыз үшін үлкен қуаныш. Ең бастысы, бұл медициналық мекеме үздіксіз жұмыс істеп, онда білікті мейірбике мен дәрігер халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетсе екен. Осындай игі бастама ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.

РКС: Бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында салынып, қолданысқа берілді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ