ДИКТОР: Солтүстік өңірде ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан, азаматтың күш-қуаты, қайраты саналатын жілік сындыру дәстүрі бар. Әдетте жілікті соғым сойған кезде немесе той-думанда сындырады. Ал, соңғы жылдары Ақмола облысының көптеген елдімекендерінде ұлттық ойынды ұлықтау мақсатында жарыстар өткізілуде. Соның бірі Сандықтау ауданында өтті.
РКС: "Жілік сындыру" - қазақтың көне ойындарының бірі. Бұл ойын күш, төзімділік және дұрыс техниканы қажет етеді. Жарысқа 15-ке жуық адам қатысты. Темірлан Дулатов жілікті сындырып, жеңімпаз атанды.
СНХ: ТЕМІРЛАН ДУЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осындай салт-дәстүрімізді сақтап жүргенімізге ризамын! Осындай ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз осындай жақсы ұлттық деңгейге шығып жатқанына. Жас буындарға өте жақсы үлгі.
РКС: Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабамыздан қалған рухани және мәдени мұра, көшпелі өмір салтының ерекшеліктерін көрсететін дәстүрлі құндылықтар. Бұл тек көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен бірге физикалық, ақыл-ой және рухани дамуға ықпал ететін тәрбиелік мәні зор құрал, - дейді спорт саласының мамандары.
СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысында 200-ден астам жарыс өткізілді. Бізде 2800 адам ұлттық спортпен айналысады. Жалпы санымен 10 пайыз бізде құрайды ұлттық спорт. Биыл бізде Қазақстан бойынша "Ақ бидай" спартакиадасы өтті. 17 аймақ қатысты. Сонда біз 6-шы орынға тұрақталдық.
РКС: Жалпы, елдімекендерде де ұлттық спортқа ерешке екпін беріліп келеді. Мәселен, Зеренді ауданында келер жылы ипподром салу жоспарланып отыр. Себебі, мұнда көкпар ойынына ерекше көңіл бөлінуде.
СНХ: ДАСТАН РАҚЫМЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Әсіресе, қазақ күресі, шырға тарту, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты. Онымен қоса жаңағы материал жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Онымен қоса биыл Зеренді ауданында тұңғыш рет ересектер және аудан спорт ардагерлері арасында асық атудан үлкен турнир өтті Сәкен Сейфуллин ауылында. Ауыз толтырып айтатындай спорттық ойындардың ішінен шырға тарту биыл қарқынды дамуда. Елікті ауылында өзіміздің нысқаушымыз бар.
РКС: Ұлттық ойындар адамның ептілігін, төзімділігін, батылдығын шыңдайды. Сонымен қатар, қоғамдағы ынтымақтастық пен бәсекелестік рухын дамытады. Мәселе, "Көкпар", "Аударыспақ", "Теңге ілу" ойындары шабандоздық пен күш-қайратты талап етсе, "Тоғызқұмалақ" ойыны логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ал, "Қыз қуу" және басқа да ойындар жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық дәстүрлерді дәріптейді. Қазақтың ұлттық ойындары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай, ұрпақ тәрбиесінде маңызды роль атқарып келеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ