ДИКТОР: Көкшетауда «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында пікірсайыс турнирі өтті. Аталған шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерінен жасақталған 6 команда қатысты. Дебат студенттердің құқықтық танымына қалай әсер етті? Шараға қатысып келген тілші баяндасын.

РКС: Мұндай шаралар жастар арасында құқықтық сананы қалыптастырып, заң үстемдігін насихаттауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдағы тәртіп пен даулы мәселелерді жан-жақты талқылау жұмыстарын жүргізуге де оң ықпал етеді,-дейді ұйымдастырушылар.

 СНХ: ҚАЖЫМҰҚАН ҚОЖАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, еліміздің Президенті өз жолдауында айта кеткендей, заң мен тәртіп қағидатын берік орнықтырудың аясында қалақық пікірсайыс турнирі өткізіліп отыр. Турниріміздің басты мақсаты қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау, және әртүрлі көзқарастарды салыстыру болып табылады. Бүгінгі турнирімізге 6 фракция қатысады, 12 қатысушы. Турниріміз 3 негізгі румнан тұрады. Және де 2 полуфинал және финалдық кездесуден.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Пікірсайыс барысында қатысушылар «Қоғамға тәртіп орнату» тақырыбында өз ойларын дәлелдермен қорғап, пікір алмасты. Қолдаушы және қарсылаушы тараптар заңның тиімділігі, адам құқықтары, азаматтық тәрбие және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу шаралары жөніндегі көзқарастарын ортаға салды. Сондай-ақ бірқатар өзекті тақырып бойынша қарарлар талқыланды. Әр лига тартысты өтті. Қатысушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың уәждеріне сауатты түрде жауап бере отырып, білімі мен білігін көрсете білді.

СНХ: ҚАРАҚАТ БЕКАЙДАР, «АҚИҚАТ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Қазіргі таңда ауылдық жерлерде дәрігерлерді тарту және де 3 жылдық практикадан өткізу деген сияқты тақырыптар бар. Яни бұл жерде біз ауылдық жерлерде ол дәрігерлердің 3 жылдық практикадан өтуі қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес, немесе қаншалықты қолайлы екенін талқылаймыз. Мысалы үкімет дәрігерлерді 3 жылдық практикадан өткізуге келісім берсе, ал оппозиция оны жоққа шығарады.

СНХ: ДӘУРЕН ЖҰМАҒАЛИЕВ, «ШОҚАН» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Жалпы тақырып бізде заң, заң аясында айтылған. Соның бірін айтып өтейін. Жоғары оқу орындарында яғи IT курстарын жоғарылату мақсаты. Бұл неліктен тақырып таңдалып тұр? Қазіргі таңда XXl ғасыр. Жасанды интеллектпен жұмыс жасау барысында барлық жоғары оқу орындары, мектептер, барлық мамандар бұл курстан өтуі керек. Неліктен? Алдағы уақытта балалармен жасанды интеллекті пайдалану арқылы сабақтарын қызықты, көңілді өту мақсатында.

РКС: Шара соңында үздік фракциялар мен спикерлер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Жүлделі бірінші орынды «Ордабасы» командасы еншіледі. Ал екінші орынды «Шоқан» құрамасы иеленді. Үшінші орын «Жеті» фракциясына бұйырды. Үш команда да Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен.

ИНТЕРШУМ:

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ