ДИКТОР: Оқушыларды тасымалдайтын автобус отқа оранды. Бұл оқиға Қосшы қаласындағы білім ордасының аумағында орын алған. Тасымалдау көлігі абырой болғанда оқушылар шыққаннан кейін бірер минуттан соң лап ете түскен. Мектеп күзетшісі мен көлік жүргізушісі құтқару қызметіне кідірмей хабар беріп, жедел түрде әрекет етті.
РКС: Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпып, мектеп ауласын қара түтін қаптады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері алдымен оқушыларды қауіпсіз аймаққа шығарып, ілезде өртті сөндіруге кірісті. Мамандардың мәліметінше, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Отқа оранған автобус оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанша мектеп аумағында тұрады.
СНХ: ШАХМАРДАН ӘЗІРБАЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін таңертең сағат 08:04 шамасында 101-ге осы Қосшы қаласында, Қосшы қаласырың мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустарының бірі жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және екі бірлік техникасы жөнелткен болатын. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында өрт қысқа мерзім ішінде, қысқа уақыт ішінде жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.