ДИКТОР: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірдің тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізбек. Бұл шара желтоқсанның 20-сында басталады. Пиротехникалық бұйымдарды сақтау, сату және пайдалану ережелерімен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.

РКС: Мамандар пиротехникалық бұйымдар құрғақ, желдетілетін, тікелей күн сәулесі түспейтін жерде сақталуы тиіс екенін айтады. Сондай-ақ сату орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау маңызды. Өрт сөндіру құралдары да болуы қажет.

СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ең алдымен, пиротехникалық бұйымдарды тек лицензияланған сауда орындарынан ғана сатып алу қажет. Тауардың сертификатталғанына, нұсқаулыққа, сондай-ақ пиротехниканы пайдалану ережелеріне міндетті түрде назар аударыңыз. Тауардың сақтау және сату мерзімдерімен танысыңыз. Егер тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, оны пайдалануға болмайды.

РКС: 20-шы желтоқсаннан бастап 3-ші қаңтарға дейін қала аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз енгізу, сақтау, сату және пайдалану фактілерінің алдын алуға қатысты азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Басты назарда пиротехникалық өнімдерді сату, сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпті әрі сертификатталмаған бұйымдардың таралуына жол бермеу.

СНХ: АНЕЛЬ ДАНИЯРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Рұқсатнама құжаттары жоқ, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдары саудасының жолын кесу, пиротехникалық бұйымдарды көтерме бағамен жеткізушілерді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері азаматтық қорғау органдары құрылымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, рейдтік іс-шараларды өткізеді. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеміз.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, ғимараттан 50 метр қашықтықта, сондай-ақ көшелердегі ағаштардың түбінде салют атуға тыйым салынады. 16 жасқа толмаған балаларға пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол берілмейді. Кез келген пиротехника адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін қауіпті құрал екенін есте сақтаған жөн.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ