ДИКТОР: Жыл сайын 22 желтоқсанда елімізде Энергетиктер күні аталып өтеді. Бұл мереке алғашында желтоқсан айының әр үшінші жексенбісінде тойланып келген. Энергетиктер күні – энергетикалық жүйелерді құруға, дамытуға және олардың үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге атсалысып жүрген барлық маманға құрмет көрсетілетін айтулы күн. Осы мерекеге орай өңірде сала дамуына сүбелі үлес қосып, табанды еңбегімен ерекшеленген бірқатар энергетик маман марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл – электр және жылу энергиясын өндіру, оны тасымалдау және тұтынушыларға жеткізумен айналысатын энергетика саласының барлық қызметкеріне арналған кәсіби мереке. Айтулы күнге орай өткен салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов аталған саланың қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңірдің тұрақты дамуына қосып отырған үлесін атап өтті. Сондай-ақ аймақ басшысы Марат Ахметжановтың атынан бірқатар сала маманына алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мереке өз өмірін елдің энергетикалық кешенін құруға, дамытуға және оның үздіксіз жұмыс істеуіне арнаған жандарды біріктіреді. Сіздердің күнделікті атқарып отырған қажырлы еңбектеріңіз – ел мен өңір экономикасының тұрақты дамуының, әрбір шаңырақтағы жылу, жарық пен жайлылықтың берік негізі. Жоғары кәсібиліктеріңіз, үлкен жауапкершіліктеріңіз және аймақ игілігі жолындағы көпжылдық адал еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

РКС: Шара барысында өңірдің жарығы мен жылуын үздіксіз қамтамасыз етіп келе жатқан энергетика саласының 46 маманы марапатталды. Бұл - ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген кәсіби мамандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Сондай-ақ жуырда сала мамандарының құрметіне арналған салтанатты жиында жерлесіміз, еңбек ардагері Мұрат Қожин Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды. Ол энергетика саласына жарты ғасырға жуық уақытын арнаған.

СНХ: МҰРАТ ҚОЖИН, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Осы салада 1979 жылдың желтоқсанынан бастап, электр-энергетик болып жұмысқа кірдім, содан бері жұмыс істеп келе жатырмын. 45 жыл бір салада ғана қызмет еттім. 17-і күні Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алдым. Ол мүлде ерекше жағдай. Толқу болды. Президенттің қолынан кез – келген адам данқ ордендарын ала бермейді. Жұмысшы мамандықтар жылы арқасында Президент осылай көтеріп, осындай дәрежеге жеткізіп отыр. Соның арқасында осындай құрмет, атақ-даңққа лектік. Қазір біздің салада жастар көбейіп келеді. Бүкіл организацияға жаңа техникалар беріп жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

РКС: Жауапкершілігі мол бұл еңбек – қала тіршілігінің қалыпты әрі қауіпсіз алға жылжуының берік негізі. Мерекелік шара әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахнада жергілікті шығармашылық ұжым өнер көрсетіп, сала мамандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиынның шынайы әрі жылы атмосферасы энергетиктер еңбегінің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ