ДИКТОР: Ұлттық кино өнеріне өшпес із қалдырған, атақты режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінің түсірілгеніне биыл 58 жыл. Халықтың сүйікті фильміне айналған кинодағы көп сұлудың бірі қазір Көкшетауда тұрады. Ол фильмге түскен қызықты сәттерімен бөлісті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Тақиялы періште» фильміндегі мына кадрлар осыдан 58 жыл бұрын таспаланған. Көп қыздың арасында «Мен бұлбұлдай сайраймын» деп, акробатикалық этюд көрсеткен ару - Сәуле Жүнісова. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Қапаш Құлышевамен Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында бірге оқып, қос құрбы 1966 жылы Алматыға оқуға барады.
СНХ: СӘУЛЕ ЖҮНІСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қапашпен 5 класстан бірге оқыдық, кейін Алматыға оқуға кеттік. Қапаш эстрадныйға түсем деп, домбыраға түсіп кетті, Ғарифолла Құрманғалиевқа, мен акроботический этюд жасайтын болғасын цирковойға оқуға бардым.
РКС: Аты аңызға айналған «Тақиялы періште» фильмі 1967 жылы түсірілді. Ол кезде Сәуле Жүнісова эстрадалық-цирк студиясының бірінші курс студенті еді. Осы шағын эпизодтың өзі бір апта таспаланды. Кино түсірудің қиындығын сонда көрдім,- дейді зейнеткер.
СНХ: СӘУЛЕ ЖҮНІСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осылай шығасыңдар билейсіңдер, музыкамен деді Одиссей музыканы қойды. Сосын қыздарға айта бастады. Купальникпен можно деп. Менде ақ водолазка жеңі жоқ, шалбар джинсы, Шәкен Айманов айтты қарыныңды ашып қой билегенде деп. Жоқ түсірмесеңіз түсірмеңіз мен қарынымды ашпаймын, мен ауылдың қызымын атам, апам бар, елде адамдар не деп ойлайды. Түсірмесең түсірме мен түспеймін онда дедім. Мынау өзі қырсық екен деді. Как раз Ермек Серкебаев жүрген мынау қыз Көкшетаудікі екен. Сенің қарындасың болады деді. Ол айтты дұрыс, неге қарының ашады, ашпау керек деді. Над морями деп өлең айтатын жері бар, сонда мен жүгіру керекпін да, оны қысқартып алып тастапты, негізі екі серия болуы керек еді оны шағындап режиссер 1 серия қылды. Солай Әмина Өмірзақова, Бикен Римовалармен бірге киноға түстік.
ИНТЕРШУМ
РКС: Фильмге түскен кәсіби әртістер мен студенттерге қомақты қаламақы төленген. Ол кездегі орташа айлық 100 сом. Сәуле Жүнісова 40 сом стипендия аламын, фильмге түскеніміз үшін 90 сом ақша берді. Студент үшін ол әжептәуір қаражат еді, - дейді. Осыдан кейін әйгілі актер, режиссер Шәкен Айманов Сәулені тағы бір киноға түсіретінін айтқан.
СНХ: СӘУЛЕ ЖҮНІСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сосын ол кісі Найзатас деген киноға түсіремін деп айтты. Сені сол киноға шақырғым келеді цирковойды қайтесің, секіріп жүріп сүйегің сынып қалады бір күні, бізге кел киностудияға дейді. Әке-шешем болмағасын ата мен апада болдым. Ол кісілер қартайдық, су әкелу қиын, сен оқуыңды таста деді. Апам ауырып қалды, сосын академический алдым.
РКС: Сәуле Шаяхметқызы отбасылық жағдайға байланысты оқуын жалғастыра алмай, ауылға кетті. Сөйтіп «Найзатас баурайында» фильміне түсе алмады. Ауылда еңбек етіп жүріп, өмірлік жарын кездестіреді. Жұбайы Серік Баймұқанов «Кавказская пленница» фильміндегі әртіс Наталья Варлейге сырттай ғашық болып жүрген, болашақ жары Сәуленің тарихи фильмге түскенін білмеген де еді.
СНХ: СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ЖҰБАЙЫ: «Тақиялы періштені» ертерек көрдік қой енді, «Кавказская пленницада» Наталья Варлей ойнайды ғой. Көңілім сонда болды. Сәулені 74-ші жылы, кейін көрдім. Қолаң шашы мынадай көзін төңкеріп жіберді да. Ойпырмай дедім, жүрегіме жара салып кетті енді. Екі жыл соңына түсіп, Қайрат деген совхозға екі үш рет самолетпен барып, АН2 ол кезде «Кукурузник» дейді ғой. Әйтеуір дәм бұйырып бас қостық, киноға түскенін кейін білдім. Менің ғашық болған Наталья Варлейім ол осы Сәуле болды.
РКС: «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы алғаш рет эфирге шықты. Сәуле Жүнісованың атасы мен әжесі киноны көре алмаған. Өйткені ол кездері ауылда теледидар жоқ. Сәуле Жүнісова қазір тарихи фильмді немерелерімен бірге көріп, жастық шағын еске алып отырады.
ИНТЕРШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ