ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Кащавцевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық ашық турнир өтті. Додада 200-ден астам спортшы бақ сынасуда. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.
РКС: Турнирге Көкшетаудан басқа Астана мен Степногорск қалалары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының балғын спортшылары қатысты.
СНХ: НИКОЛАЙ ДУРАЧЕНКО, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Осы турнир еңбек сіңірген жаттықтырушының еске алуға болып жатыр Кащавцев Вячеслав Викторовичтің. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. 2013-2014 арасында балалардың. Жалпы бүгінгі күнге елімізде дзюдо күресі жақсы дамып жатыр.
РКС: Өңірде аталған турнир қатарынан үшінші жыл өткізіліп келеді. Дода атақты жаттықтырушы Вячеслав Кащевцевтің шәкірттері, дзюдо күресі ардагерлерінің арқасында ұйымдастырылып отыр. Олар алдағы уақытта бұл турнирді халықаралық деңгейде өткізбек ниетте.
СНХ: ОЛЬГА ЮМАКУЛОВА, В.КАЩАВЦЕВТІҢ ШӘКІРТІ, ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ АРДАГЕРІ: Біз 80-жылдары бірге жаттықтық. Вячеслав Викторович біз үшін жай ғана жаттықтырушы емес, әкедей қамқор жан болды. Ол бізді бір үлкен отбасыдай ұйыстыра білді. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін бәріміз араласып, байланысымызды үзген жоқпыз. Вячеслав Викторович бізді тек біріктіріп қана қоймай, өмірде дұрыс жолды да көрсетті. Көпшілігіміз спортты таңдап, сол бағытта қалыптастық. Қазір біз дзюдоны дамытып, жастардың көшеде бос жүрмей, спортпен айналысуына жағдай жасап келеміз.
СНХ: ӘБІЛҒАЗЫ ҚАБЫКЕН, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ /КӨКШЕТАУ/: Дзюдомен бір жылға жуық уақыт шұғылданамын. Осындай жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Жарыс адамның өзіне сенімділігін күшейтеді. Адам осындай жарыстарда өзінді ашады. Мен жарыстарда әлі жеңген жоқпын, бірақ алдағы уақытта жеңуге тырысатын ойым бар.
РКС: Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды Көкшетау қаласының құрамасы иеленді. 2-ші орынға Степногорск қаласының «Чемпион» спорт клубы тұрақтады. Ал Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жеңімпаз атанды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ