ДИКТОР: Биыл елімізде алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтті. Осыған орай шаһарда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Үздік қызметкерлер мен сала ардагерлері Құрмет грамотамен, Алғыс хатпен, медальмен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкердің шені өсті. Салтанатты шараға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: Шара басында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Игілік Хасенов сала қызметкерлерінің заңдылық пен қауіпсіздік қамтамасыз етудегі жұмысының маңыздылығына тоқталды.
СНХ: ИГІЛІК ХАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бұл күн мемлекет тарапынан біздің еңбегімізге берілген үлкен бағасының белгісі. Біздің қызмет үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды жұмыс. Күн сайынғы еңбектеріңіз арқылы сіздер қоғамның қауіпсіздігіне, адамдардың тыныштығына үлес қосып отырсыздар.
РКС: Қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала дамуына үлес қосқаны, кәсібилігі мен жоғары қызметтік көрсеткіштері үшін қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бірнеше қызметкері марапатталды. Сондай-ақ жүйенің бірнеше бөлімше бастықтарына Kia K5 маркалы қызметтік автокөліктері табысталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛМАС МҰҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бірқатар қызметкер марапатталды. Бұл олардың адал еңбегіне жоғары жауапкершілігі мен қызметке деген шынайы көзқарасынан берілген әділ баға. Сонымен қатар біз қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін ерекше құрметпен атап өттік.
РКС: Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Шара барысында жергілікті өнерпаздар мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ