ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде тағамнан жаппай уланудың екі дерегі тіркелді. Оқиға Ерейментау және Бурабай аудандарында орын алған. Салдарынан 22 адам зардап шекті, оның 15-сі - балалар. Санитарлық қызмет шұғыл түрде эпидемияға қарсы кешенді шаралар жүргізді.
РКС: Жыл басынан бері қоғамдық тамақтану саласындағы 25 нысан тексерілді. Тексеру барысында медициналық кітапшасы мен жұмысқа рұқсаты жоқ 23 қызметкер жұмыстан шеттетілген.
СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өкінішке қарай, тексерілген әрбір нысанда санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды. Кінәлі объектілерге 6 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар жоспардан тыс тағы 45 нысан тексерілді. Онда да бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Негізінен тағам өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқтығы мен қызметкерлердің медициналық тексеруден өтпеуі сияқты бұзушылықтар.
РКС: Мамандардың айтуынша, тағамнан улану жағдайлары әсіресе мереке қарсаңында жиілейді. Алда келе жатқан Жаңа жылдық іс-шараларды ескерсек, қауіп те арта түсуі мүмкін. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды.
СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мерекелік күндерде жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін облыс тұрғындары мен қонақтарына бірнеше қарапайым ережені сақтауды ұсынамыз, тағам өнімдерін сатып алғанда, оларды тек дүкендерден алу, міндетті түрде жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына және сыртқы түріне назар аудару. Күмәнді орындардан сатып алмау. Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету. Ал тағам дайындау кезінде тым көп мөлшерде әзірлемеу.
РКС: Ал тағамнан улану белгілері асты қабылдағаннан кейін 30 минуттан бір тәулікке дейінгі аралықта байқалуы мүмкін. Негізгі симптомдары – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және диарея. Мұндай жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ