ДИКТОР: Қазақтың ән өнерінің, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі - Кәрім Ілиясов. Көкшем деп жүрегі соққан Кәрім Есмағұлұлының есімін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында облыстық әдебиет және өнер музейінде "Көкшесін асқақтатқан Кәрім еді" кітабының таныстырылымы өтті. Онда әнші-сазгердің 50-ден астам мақаласы мен өлеңдері жарияланған.
РКС: "Көкшесін асқақтатқан Кәрім еді" кітабы 3 бөлімнен тұрады. I-бөлімде әнші-сазгердің көзі тірісінде иық тіресе жұмыс істеген әріптестері мен өнер жолындағы аға-әпкелері жайлы жазылған. Ал, “Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр” бөлімде Кәрім Ілиясовтың түрлі газет бетіне жарияланған мақалалары және “Ән әлдилеген жүректен” атты ІІІ-бөлімде журналист, өнертанушының “Саз Самал” әндер жинағында жарияланған өлеңдері паш етілді.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Кәлекеңнің шығармалары, мақалалары, очерктері осылар жинақталып мынау "Көкшесін, асқақтатқан Кәрім еді" деген кітабы. Кәрекеңді сыйлайтын, Кәрекеңді білетін, Кәрекеңді санасында сақтаған мынау азаматтар міне енді осы кітап арқылы өздерін сияқты жастар Кәрекеңнің кім болғаның, біздің өткен тарихымыз, өткен тұлғалардың, осы Көкшенің мәдениетіне, әдебиетіне терең еңбегі сіңген осы кісінің болмысын осы кітап арқылы білетін боламыз.
РКС: Жасынан ән-жырды жанына серік еткен Кәрім Ілиясов өңірдің өзекті мәселелерін қозғаған тілші, облыстық әдебиет және өнер мұражайын құнды жәдігерлермен толықтырған музей қызметкері ретінде де ел есінде.
СНХ: САЙЛАУБАЙ ІЛИЯСОВ, ТУЫСЫ: Университет бітіріп Қорғалжынға мұғалім болып, одан Көкшетау облысы Қазақ районына инспектор района қызмет атқарып, елге танулы болып, көрініп жүрді. Одан Сырымбет орта мектебінде мұғалім болып, баллар әлі күнге дейін сыйлап, жақсы үмітпен еске алады. Одан әрі Көкшетауға журналист болып келді. Одан бөлек мынау мұражайдың фундаментін құрып, экспонаттарды жинаған адам. Автобуспен келіп, елді аралап экспонат жинап, құшақтап жинап жүретін.
РКС: Кәрім Ілиясов - қазақстың ән өнері мен әдебиетінің, мәдениетінің дамуына үлесін қосқан тұлға. Кеш барысында әнші-композитордың төл туындыларын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова орындап, жиналған қауымның жүрегін тебірентті.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ