ДИКТОР: Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, «Ақпарат саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Смағұлдың «Бақыт белестері» атты шығармашылық кеші өтті. Онда қаламгердің қос кітабының тұсауы кесілді. Еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар авторға жылы лебіздерін білдірді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бақыт Қайыржанұлы еңбек жолын 1991 жылы сол кездегі «Көкшетау» облыстық газетінде әдеби қызметкер, «Арқа ажарында» бөлім меңгеруші, «Алаш үні», «Бұқпа» газеттері редакторының орынбасары болды. Бақыт Смағұлдың бұған дейін бірнеше кітаптары жарыққа шыққан. Журналистика саласында 40 жылдан аса еңбек еткен ол «Құрмет» орденінің иегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Сіздер білесіздер, бұған дейін менің бірнеше кітаптарым жарыққа шыққан болатын. Биыл енді екі кітап, бірінші кітап «Бір тамшы жас» деген. Онда имани, ізгілік, мейірімділік мәселесі көтеріледі. Одан кейін «Сыр мен мұң» деген кітап, онда өңірдегі тарих шежіре, адамдар тағдыры деген сияқты. Бүгінгі шығармашылық кешке сол екі кітаптың түсаукесері өтейін деп жатыр. Кешке біраз адамдарк еліп жатыр, мен ойлаймын менің жазғандарыма бір қызығушылығы бар шығар оқырман ретінде. Оған ризашылық білдіремін елге. Ел болмаса біз кімбіз, елмен ғана таныламыз. Сондықтан еліміз аман болсын.

РКС: Бақыт Смағұл бүгінде осыдан бір жыл бұрын ашылған Ақмола облыстық белсенді ұзақ өмір орталығының директоры. Бұл мекеме қазір республикадағы ең үздік орталық.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚАЗЫБЕК ИСА, АҚЫН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Кезінде біз «Қазақ үні» газетінде істегенде Көкшетауда Бақыт Смағұл «Бұқпа» газетіне ұлттық мәселелерді көтерген, қазақтың қал жағдайын көтерген, тәуелсіздіктің іргесін бекемдеуді көтерген мақалалар жіберіп тұрды. Ал менің «Қазақ үніне» жазған ұлт мәселесі туралы мақалаларымның барлығы ертеңіне «Бұқпа» газетіне шығып тұрды. Бұқпа десе бұқпайтын, ұлттық мүддені құптайтын газет екенін сол кезде көзім жетті. мынау тіл мәселесі көтерілгенде, жер мәселесі көтерілгенде кешегі ел әділдік сұрап алаңға шыққанда солардың ортасында біздің Бақыт бауырымыз болды. Ол тайғанақтаған жоқ, тайған жоқ, бұққан жоқ. Ол қашанда айтатын сөзін айта алды.

РКС: «Бақыт белестері» атты шығармашылық кешке жиналған қауым, қаламгерге жылы лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ