ДИКТОР: Халық батыры Балуан Шолақтың құрметіне Көкшетауда каратэден облыстық ашық чемпионат өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыс балалар мен жасөспірімдер арасында өткізіліп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жарысқа Көкшетау мен Астана, Қарағанды қалаларының және Бурабай ауданының спортшылары қатысты. Олардың қатарында көкшетаулық Марьям Шаймерденова да бар. Ол әкесінің ізін жалғастыруды ұйғарып, дәл осы спорт түрін таңдаған. Бүгінде бірқатар белесті бағындырып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Алға қойған жоспары да айқын.

СНХ: МӘРИЯМ ШӘЙМЕРДЕНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Жоспарлар көп. Алда өте көп жарыстар. Мысалы, Шымкент және Астана қалаларында жарыстар болады. Сол жарыстарға дайындалып жатырмын. Осы жарыс өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Мен үміттенемін Алла қаласа бірінші орын аламын деп. Осы жарысқа көп дайындалдық.

РКС: Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Араларында 8 жастар Рамиль Серік те бар.

СНХ: РАМИЛЬ СЕРІК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бір жыл қатысып келе жатырмын. Ол жерде растяжка ұнайды. Растяжка туда и обратно.

-Бүгінгі жарыс саған ұнап жатыр ма?

- Иә.

- Қандай орын аламын деп ойлайсын?

-Бірінші. Болашақта чемпион болғым келеді.

РКС: Әр спортшы жасына қарамастан, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуге тырысып, қатаң бәсекеде үздіктер қатарынан көрінуге ұмтылды.

СНХ: ДАНИЯР РАҚЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мынау ең бірінші іріктеу турнирлерінің бірі. Сондықтан, балалар өз күштерін сынайды. Қаңтар айында біз Шымкент қаласында өтетін ашық чемпионатқа дайындалып жатырмыз және алға қойған жзоспарлар өте көп. Сол ақырындап жоспар бойынша келе жатырмыз.

РКС: Жеңімпаздар арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды. Турнирге қатысушылар мен қонақтар жаттықтырушыларға, төрешілер мен ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ