ДИКТОР: Зеренді ауданында барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті. Оған 200-ден астам аудан, қала, ауылдық округтің әкімдері қатысты. Көтерілген басты мәселелер - ауылдарды цифрландыру және қазыцнаға түсетін қаржыны тиімді пайдалану. Форумға арнайы қатысып келген әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Енді ауылдардың маңында орналасқан кәсіпорындардан түсетін салықтың бір бөлігі бірден жергілікті әкімдіктің қазынасына түседі. Осылайша, бұл қаржы ауылдың дамуына жұмсалмақ. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауылдардың бюджетін ұлғайту үшін әкімдерге бірқатар тапсырма жүктеді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ол тек қана мынадай жиналып отыратын отырыс емес. Ол нақты шешімдерді жобалап, сол шешімдердің халыққа қандай пайдасы тиетінің көрсетіп, енді халыққа пайда әкелу үшін кіріс болу керек. Жұмыс орны болуі керек. Сондықтан, бүгін нақты жоспарларды әкеліп, нақты өлшемдерді белгілеп отырмыз. Біз ойлаймыз бұл өз оң ықпалын тигізеді.

РКС: Жақсы ауданына қарасты Ешім ауылдық округі жылдан жылға көркейіп келеді. Ауылдың жолдары мен мектеп жөндеуден өтіп, елдімекенге таза ауыз су тартылды. Алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар жалғаса бермек. Бұл жұмыстар ауылдағы жалғыз наубайханының арқасында жүзеге асырылуда.

СНХ: ДИАНА БОРАНБАЕВА, ЕШІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ешім ауылында орталықтандырылған су жүйесі жүргізілді. Қазақстан, Монастырка ауылдарында қазақ қыш блоң контейнерлері орнатылды. Барлық тұрғындар 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды. Жол жөндеу жұмыстарына келетін болсақ ауыл ішілік жолдардың жалпы ұзындығы 17 километрді қамтыса, оның 11,5 шақырымына асфальт төселді. Соонымен нымен қатар, мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. 50 жыл жөндеу көрмеген. Стадионымызда күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қаражаттың бөлінуі 2026 жылға жоспарланып отыр. Біздің стадионымыз аудан бойынша екінші заманауи стадиондардың бірі болады. Инвестицияның қарқыны өте жақсы. Серіктестігіміздің арқасында. Атап өтсек, наубайханамыз құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін жаңа наубайханамыз іске қосылады.

РКС: Ал, Зеренді ауданына қарасты Айдабол ауылында ет комбинаты іске қосылды. Кәсіпорын жергілікті тұрғындардан бөлек көршілес ауылдың халқын да жұмыспен қамтып отыр. Келер жылы кәсіпорынның екінші блогы іске қосылмақ. Сондай-ақ, "Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті халық жеңілдетілген несие алып, шаруаларын дөңгелетіп отыр.

СНХ: НИКОЛАЙ ВОДОВОЗОВ, АЙДАБОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бүгінде бізде 25 жеке шаруашылық бар. Олар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кооперативіне біріктірілді. Әзірге жағдай осындай. Қазір тағы қосымша 3 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кооперативтерін қаржыландырып жатқанымызды ескерсек, сонда бізде 12 шаруашылық болады. Бұл дегеніміз тағы тұрақты жаңа 15-20 жұмыс орны құрылады.

РКС: Соңғы жылдары ауылдар қайта түрленіп келеді. Заман талабына сай елдімекендерді цифрландыруға да баса мән берілуде. Осы орайда, "Aqmola Digital"-дың ролі орасан. Соңғы жылдары өңірде сақалды құрылыстардың саны көбейіп кетті. Сондықтан, орталық мамандары тұрғын үйдің құрылыс барысын тексеретін 4 дрон іске қосып отыр.

СНХ:СӘУЛЕ ЕСЕНБАЕВА, "AQMOLA DIGITAL" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Дрондарды пайдаланудың мақсаты - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру жұмыстарын бақылау. Мысалы, қыс мезгілінде біз дрондарды әр жерде жылу шығынын тексеру үшін пайдалана аламыз. Сондай-ақ, біз күн сайын қоқыстардың тазартылуын бақылап, заңсыз қоқыс төгетін орындарды анықтаймыз. Бұл жұмыстардың бәрін облыстық экология департаментімен бірлесіп жүргіземіз. Бұдан бөлек, бұл дрондарды қалалық құрылыс бөлімімен бірлесіп заңсыз құрылысты анықтау үшін де пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін 2 заңсыз құрылыс анықталды.

РКС: Жалпы, соңғы 5 жылда шалғайдағы елдімекендердің жағдайы айтарлықтай жақсарып келеді. Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін нысандар салынды. Сондай-ақ, заман талабына сай келешек мектептері бой көтерді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов бұл жұмыстар тоқтамай, әрі қарай жалғасатынын алға тартты. Бұл өз кезегінде ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, елдімекен ішіндегі тыныс-тіршілікті сақтап қалмақ. Жиын соныңда ауылдың көркеюіне елеулі үлес қосқан бірқатар әкім марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ