ДИКТОР: Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицей базасында өңірлік дебат турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа көршілес төрт ауданның мықты құрамалары жиналды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шараға аймақтың ойы ұшқыр, ең озат оқушылары қатысқан. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі үш лигада өзара пікірталас жүргізіп, бақ сынады. Турнир дебат мәдениетін дамыту, сыни ойлау қабілетін жетілдіру, дәлелді сөйлеу және конструктивті диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыра отырып, ең шебер спикерлерді анықтады.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, «АРМАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің аудандағы дебат қозғалысы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл өңірлік дебат турнирін ұйымдастырдық. Оған Зеренді, Біржан сал, Буланды аудандарынан қатысушылар шақырылды, сондай-ақ өзіміздің өңірдің талантты жасөспірімдері қатысты. Турнир жоғары деңгейде өтті.
РКС: Әр лига тартысты өтті. Қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдеп, қарсы тараптың аргументтеріне жауап беріп, білімдері мен дайындық деңгейін көрсетті. Қазақ тілі лигасында ерекше ұшқыр ойымен көзге түскен үш қыздан құралған Зеренді аудандық «Еркіндік» командасы 1-ші орынды жеңіп алды.
СНХ: «ЕРКІНДІК» ҚҰРАМАСЫ (ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ): Бүгінгі дебатта қозғалған резолюциялар өте өзекті болды. Өте өткір тақырыптар. Қарсылас топтар ерекше дайындықпен келген екен. Біз де қалысқан жоқпыз. Ойын өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын.
РКС: Қазақ тілі лигасында қыздар ұшқыр ойларымен басымдық танытса, орыс лигасында «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Болашақ» құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал ағылшын лигасында Щучинск қаласының №1 мектеп оқушылары қарсыластарына мықтылықпен жол бермей, көш бастады. Турнир оқушылардың зияткерлік сайыстарға деген қызығушылығын арттырды,-дейді ұйымдастырушылар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ