ДИКТОР: Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті отырысы өтті. Сессияға облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, сонымен бірге аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары қатысты. Күн тәртібінде аймақтың алдағы 5 жылға арналған даму жоспары талқыланды.
РКС: 2021–2025 жылдарға арналған аймақтың даму жоспары аяқталуға таяп қалды. Осыған байланысты өңірді дамытудың басым бағыттарын айқындайтын алдағы 5 жылға арналған жоспардың жобасы дайындалды. Мамандар жоспарлаудың жаңа жүйесі бірқатар өзгерістерге ұшырағанын айтады.
СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына сәйкес аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар дамыту +скл+жоспарларын қайта әзірлейтін отыр. Бюджеттік заңнамаға сәйкес даму жоспарына проблемалық аймақтар картасы негізінде жасаатын инвестициялық жоспар көзделген. Жекелеген бөлімдерде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және ведомствоаралық өзара іс-қимыцл енгізілген.
РКС: Отырыс барысында халық қалаулылары облыстың алдағы үш жылға арналған бюджет жобасын бекітті. Оны қалыптастыру кезеңінде депутаттар медицина қызметкерлерін біржолғы қолдау мәселесіне ерекше назар аударды. Биыл ауылды жерлерге мамандар тарту мақсатында 8,5 миллион теңгеге дейінгі төлем ұсынылған. Соның арқасында өңірдегі маман тапшылығы 22 процент азайған. Сонымен бірге депутаттар денсаулық сақтау саласында бұрын басталған жобаларды аяқтауға басымдық беруге шақырды.
СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өкінішке орай, іс жүзінде Ақкөл және Шортанды аудандық ауруханаларының, сондай-ақ облыстық балалар ауруханасы мен Атбасар ауданаралық ауруханасының жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Жоғарыда аталған нысандардағы жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін алдағы уақытта бюджеттің барлық деңгейін нақтылау кезінде бәріміз бірлесіп жұмылуымыз қажет.
РКС: Жыл қорытындысына сәйкес Ақмола облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр. Негізгі капиталға құйылған қаржы 155 процент, ал жеке сектордағы инвестиция 163 процент артқан. Дәл осындай серпінді өсім өңірдің ауыл шаруашылығы саласында да байқалды. Дегенмен, өнеркәсіп өндірісі біршама төмендеп кеткен. Бұл бағыттағы көрсеткіштер бойынша аймақ республикада 19-орында.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ