ДИКТОР: Көкшетауда аутизм және аутистикалық спектрі бұзылған балаларға қолдау көрсету орталығы ашылды. Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы әр облыс орталығында ерекше қажеттілікке мұқтаж, оның ішінде аутизмі бар балаларды оңалту және дамыту мекемелерін құруды тапсырған еді. Өңірде бұл бастама бүгін жүзеге асты. Айта кетейік, облыста 13,5 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін бала бар, олардың 824-інде аутистикалық спектрі бұзылған.
РКС: Аймақта бұл орталық мемлекеттік негізде жұмыс істейтін алғашқы әрі әзірге жалғыз мекеме. Мұнда балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша қабылданады. Жолдама алған соң олар білікті мамандардың көмегін ала алады.
ШУМ: По-настоящему, это является важным и нужным шагом, который поможет нашим семьям. Окажет поддержку, развитие и многие возможности. Благодаря вашей работе, дети смогут почувствовать профессиональную поддержку специалистов. Будут развиваться, ощущать себя в безопасности. Спасибо за Вашу ответственность!
РКС: Орталық 30 орынға шақталған. Оның негізгі мақсаты ерекше балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу және олардың коммуникациялық дағдыларын дамыту. Шамамен 40 маман тәрбиеленушілерге қоғамға бейімделу үшін қажетті негізгі дағдыларды үйретеді.
СНХ: СӘУЛЕ МОЛҒАЖДАРОВА, ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Біздің орталықтың негізгі міндеті балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету. Біз балалардың жаңа ортаға қорықпай, сенімді қадам басуы үшін қажетті бейімделу дағдыларын қалыптастырамыз. Яғни бала алғаш рет балабақшаға барғанда, кейін мектеп табалдырығын аттағанда да бәрі оған таныс болып, өзін еркін сезініп, тез үйренісуі үшін жағдай жасаймыз.
РКС: Орталықта қысқа мерзімді, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін топтар қарастырылған. Бұл жерге қабылдау кезінде балаларға диагностика жүргізіліп, нәтижесіне қарай тиісті топқа бөлінеді. Сондай-ақ тәрбиеленушілер үшін тегін ыстық тамақ қарастырылған.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ