ДИКТОР: Көкшетауда ауыл жасөспірімдерінің 4-ші республикалық қысқы ойындары басталды. Турнирге елдің әр өңірінен балғын спортшы жиналды. Бағдарламада шайбалы хоккей, коньки тебу спорты және шаңғы жарыстары. Алғашқы күннен-ақ хоккей көрермендердің басты назарында.

РКС: Шайбалы хоккей ойындары аясында Қазақстанның 6 өңірінен келген команда өзара бақ сынасады. Ойынның аоғашқы шымылдығын Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарының командалары ашты. Ақмолалықтар алғашқы минуттардан ойынды өз қолына алды. Кездесудің дебютінде хоккейшілер есеп ашты, араға бір минут салып қарсыластар қақпасына екінші шайба салды. Родина ауылынан келген спортшылар жақсы ойын көрсетті. Олар Астананың әуесқой лигасында ойнап, облыстық және республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

СНХ: АРТУР КРЕЙМЕР, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ/: «Родина 2» деген командамыз бар. Астанадағы әуесқой хоккей лигасына екінші маусым қатысып жүрміз. Бұған дейін облыс біріншіліктеріне үнемі қатысатынбыз. Жалпы, облыстық турнирде 5 рет жеңіске жеттік. Былтыр «Samruk Bala Cup» республикалық турнирінде бірінші орынды иелендік.

РКС: Ақмола облысының құрамасына Сандықтау, Егіндікөл, Астрахан, Аршалы және Целиноград аудандарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спортшылары енді.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жарыстарға қатысу үшін әр өңірде іріктеу кезеңі өткізілді. Ең үздік спортшылар республикалық кезеңге жолдама алды. Ақмола облысында да іріктеу кезеңін өткіздік. Бүгін қатысып жатқан спортшылар біздің аудандардан, ауылды жерлерден келгендер. Дәл сол аумақтарда аудандық жарыстар өткізіліп, үздік жас өрендер таңдалды.

РКС: Матч қорытындысы бойынша ақмолалықтар Батыс Қазақстан облысының құрамасын 15:0 есебімен ойсырата жеңді. Алда коньки тебу және шаңғы жарыстары бойынша бақ сынасады. Жарыстар аяқталған соң ұлттық құрама сапына кіруге мүмкіндік алатын ең үздік спортшылар анықталады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ