ДИКТОР: Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Айтулы дата аясында Көкшетауда «Бірлік пен жауапкершілік – Жаңа Қазақстанның іргетасы» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Дебат додасы Ассамблея жастары мен Ақмола пікірсайыс федерациясы ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асырылды.
РКС: Бұл шара өңір мектептері, колледждері, жоғары оқу орындары мен түрлі пікірсайыс клубтарының алғыр жастарын ортақ алаңға тоғыстырып, олардың әлеуетін ашуға жаңа мүмкіндік тудырды. Жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ойы жүйелі, дәлелі берік жас көшбасшыларды қалыптастыруға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, пікірталас мәдениетін жетілдіріп, ғылыми дәлелге, аналитикалық ойға және өзара құрметке негізделген пікір алмасу кеңістігін дамытуға назар аударылды. Жиын барысында Жаңа Қазақстанның институционалдық және рухани жаңғыру бағыттарына қатысты жастардың көзқарастары мен ұстанымдарын айқындауға да басымдық берілді.
СНХ: СЫРЫМ БЕГЕН, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл дебатқа 16 команда қатысып жатыр. Осы уақытқа дейін басқа да дебаттар болған, бірақ та олардың барлығы жастар аясында болатын. Әртүрлі этнос арасындағы, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы, әртүрлі қарарлар арасындағы дебат болып жатыр бізде. Бұл дебатта қаралатын мәселелер жасанды интеллект, сонымен қатар этносаралық және мәдениет, ұсыныстар.
РКС: Жарыс бірнеше кезеңнен тұрып, командалар үш іріктеу ойыны, жартылай финал және финалдық айналымдарда бақ сынады. Әр ойыншыға 5 минут уақыт беріліп, ойларын қысқаша баяндауы талап етілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҰЛЖАЛҒАС ӘБДУӘЛИ, «ТОМИРИС» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Бүгін бізде дебат сайысы өте тартысты өтті. 3-4 командалармен тартыстық. Дебат сайысы өте қызықты болды. Бізде дебаттың беретін пайдасы адамдардың тіл байлығын тазалайды. Бір-бірімен сөйлеу мәнерін, барлығын осы дебат сайысында көрсете алады. Біз бүгінгі күні тартысты өнер көрсете алдық, екі тарап та осал емес.
СНХ: АРУЖАН ЖАСҰЛАН, «ОЙШЫЛДАР ОДАҒЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Бүгінгі ойын барысында 2 оппозиция болды. Ол оппозиция мен үкімет. Яғни үкімет ол бізде жақтайды, ал оппозиция ол бізде даттайды. Біздің қарсыласымыз жақсы ойын көрсетті десем де болады, өте қызықты, өз ойларын толық жеткізіп бір-бірімізді тыңдап ойынды қызықты өткіздік.
РКС: Турнир соңында үздік фракциялар мен спикерлер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Жүлделі 1 және 3 орындарды Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Speak Easy» және «Алаш» командалары жеңіп алды. Ал 2 орынды Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы иеленді.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ