ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Ақмола ауылында балаларға арналған заманауи 3 ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Мұның бәрі балғындардың дамуы мен бос уақытын өткізуі үшін жайлы инфрақұрылымды жасақтаудың кезекті кезеңі екенін айта кету керек. Соңғы жарты жыл ішінде ауданда осындай 15 нысанның құрылысы аяқталды.
РКС: Жаңа алаңдар отбасылардың бос уақытын тиімді өткізетін сүйікті орынның біріне айналып үлгерді. Барлық нысанда спортпен шұғылдануға арналған арнайы жабдықтар мен ойын кешендері орнатылған. Оның бәрі қауіпсіздіктің заманауи стандарттарына сәйкес келеді.
СНХ: РАУЗА МӘКІШЕВА, АҚМОЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мынау біздің Черемушка көшесінде ашылған баскетбол алаңы, спорт алаңы, футбол алаңы, балалардың ойнайтын бірнеше нелері бар, жақсы ойын-сауықтар өткізіп жатқан. Соған өте қуаныштымыз. Немерелерім келіп осы жерде анда-санда ойнап кетеді. Одан балалар не істерін білмей жүруші еді. Өье қуаныштымыз. Достарымыздың атынан, ауыл тұрғындарының атынан, көше тұрғындарының атынан әкімшілікке, барлықтарына біз үлкен алғысымызды білдіреміз. Бадалардың алаңнан күлкісі кетпесін. Ойнап, күліп, әрқашан да қуанышты болсын.
РКС: Жоба жергілікті бизнес пен мемлекеттік бірлескен қолдауының арқасына жүзеге асырылды. Ойын алаңдарында қатты іргетасты талап етпейтін арнайы жабын төселген. Қажет болған жағдайда кез келген бүлінген жерін қайта бұзып, жөндеуге болады. Бұл әсіресе балалар үшін қауіпсіз.
СНХ: ӘДІЛХАН ЯХИН, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Сметаға сәйкес барлық жұмысты орындадық. Алаңда бос орындар болды. Қосымша воркаут-кешен орнаттық. Жұмысты барынша сапалы атқаруға тырыстым, өзім де осы ауылдың тұрғынымын. Жерлестерім бұл алаңның қызығын ұзағынан пайдаланады деп сенемін. Бастысы жұрттың қуанышын көріп отырмыз.
РКС: Мұндай жобаларды іске асыру әлеуметтік инфрақұрылымды нығайта түседі әрі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын белсенді де қауіпсіз өткізуіне барында жағдай жасайды. Аудан басшылығы ауылдық аумақтарды дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту олардың жұмысының негізгі бағыты болып қала беретінін айтып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ