ДИКТОР: Білімді ұрпақ-ел болашағы! Биыл облыста білім сапасын арттыру мақсатында біршама ауқымды істер атқарылды. 5 жаңа білім ордасы шәкірттерін қабылдап, жұмысын бастап кетсе, 70-тен астам мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, білім ошақтарында заман талабына сай техникалармен жабдықталып, қосымша білім беретін жаңа кабинеттер ашылды. Сондай мектептің бірі Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп гимназиясы.
РКС: 1957 жылы іргесі қаланған білім ордасына осыдан 5 жыл бұрын 200 миллион теңгеден астам қаражатқа күрделі жөндеу жүргізілді. Оған қоса 20 миллион теңгеден астам сомаға спорттық корт орнатылып, оқушыларға арналған жүгіру алаңы да жасақталды.
СНХ: ЗАҒИРА ЖҰМАҒҰЛОВА, Н.КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 33 класс комплект бар. Оқушылар мектепте 2 ауысымда оқиды. Бүгінгі таңда мектебіміздің басты жетістіктері біз «Қазақстан халқына» жобасына еніп, соған заманауи техналогиялар жағынан жабдықталған және ең бастысы балаларға бағытталған сыныптар ашылды. Қосымша білім беру кобинеттері жабдықталған. Stend-art класс, телестудия, медиа класс ашылған. Ең жақсы жаңалық Ақмола облысы әкімінің қаулысымен 2025 жылы 13 қарашада біздің мектеп гимназия атауына өзгерді.
РКС: Ауданда 20 мектеп бар. Онда 400-ден астам педагог және мектепке дейінгі ұйымдарда 700-ге жуық тәрбиеші жұмыс істейді. Жалпы биыл ауданға 22 жас маман келді. Мектептегі жаңа жабдықтар оқушылардың озық технологияларды меңгеруіне септігін тигізіп отыр.
СНХ: ВИКТОРИЯ БАЛҒАБЕК, Н.КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл жабдық сабақты қызыты етіп өткізуге көп жәрдемдеседі. Балалар тақтамен жұмыс істеуге зор қызығушылық танытады. Көрнекі материалдар да кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, біз сабаққа жасанды интеллектті қолдануды енгізіп жатырмыз. Ол ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты оқу процесі әлдеқайда жеңіл әрі қызықты бола түсті. Мен болашақта оқушылардың білімдері бұрынғыдан да арта түсетініне сенімдімін. Жаңа жабдық мұғалімдердің де, оқушылардың да дамуына зор ықпал етеді.
РКС: Мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады. Жыл сайын олар түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Оқу жылы басталғалы оқушылар республикалық деңгейдегі сайыстан 3, облыстық жарыстардан 19 жүлдеге ие болды. Соның ішінде ерекше көзге түсіп, мектеп мақтанышына айналған Милана Подрезова.
СНХ: МИЛАНА ПОДРЕЗОВА, Н.КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Экология бағыты бойынша облыстық және республикалық деңгейлерде бірнеше рет жүлделі орынға ие болдым. Сонымен қатар «Жер амбосадоры» ретінде экологиялық бастамаларды қолдап, түрлі жобаларға қатысып келемін. Жуырда мен Атырау қаласында өткен республикалық көшбасшылар слетына қатыстым. Бұл шара маған жаңа тәжрібие, шабыт және алдағы жоспарларға үлкен серпін берді. Сонымен қатар мен Қазақстан Республикасында «Балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі амбутсменнің өкілі қызметін атқарамын.
РКС: Сонымен қатар, аудандық білім бөлімі ғимаратының іші мен сырты да жөнделді. Түрлі жиындар өткізуге арнайы кабинет те ашылды. Есіктері мен терезелері жаңартылды. Биыл аудан аумағындағы мектептерде де біршама ауқымды жұмыстар іске асырылды.
СНХ: ГҮЛШАТ НҰРПЕЙІСОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылдың өзінде бізде Костычево ауылы «Айгөлек» шағын орталығында 98 миллион құны тұратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 8 ауылдық мектептерде ұсақ-түйек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, онымен қатар талай жаңа жабдықтар да келіп жатыр. Оған біз биология кобинетін қоса аламыз. Сонымен қатар, қараша айында жылу жүйесіне, жылу кезеңіне дайындық ретінде Гастелло ауылындағы орта мектепте блокты котельный іске қосылды.
РКС: Аудандағы 20 мектептің 4-і мемлекеттік тілде білім берсе, 7-і аралас мектеп. Бұл білім ошақтары мүгедектігі бар балаларға арналған инклюзивті, коррекциялық ресурсты кабинеттермен қамтылған. Аталған бөлмелер ерекше балалардың өзге тетелестерімен тең білім алуға айтарлықтай мүмкіндік береді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ